қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.11.2023

«Oi-like» танымдық викторинасы

 

2023 жылдың 22 қарашасында Абай университетінде «Абай» студенттік апталығы аясында Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Oi-like» викторинасы өтті.Танымдық іс-шара үш кезеңнен тұрды: 1 - «Tez tap» блиц кезеңі; 2-ші - «IQ Run» ұяшықтар кезеңі және 3-ші - «Qupia» жұмбақ жәшік кезеңі.

 

Бірінші кезеңде студенттер өте қызықты сұрақтарға жылдам жауап берулері керек болды. Екінші кезеңде қатысушылар «География», «Ең ең», «Абай», «Тіршілік», «Спорт», «Кино» тақырыптары бойынша ұяшықтарды таңдап, тақырыптық сұрақтарға жауап берді. Үшінші «Qupia» жұмбақ жәшік кезеңінде логикалық ойлау мен ұтқырлықты қажет етті, командалар берілген мәтінді оқи отырып, құпия жәшікте жасырылған затты табуы керек.

 

Викторинаның үш кезеңінің нәтижесінде Тарих және құқық институты үшінші орынды, Сорбонна-Қазақстан институты екінші орынды иеленді. Жаратылыстану және география институтының командасы жеңімпаз атанды.

 

  alt=  

 

  alt=