қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.11.2023

Термез мемлекеттік педагогикалық институтынан келген әріптес Абай университетінде тағылымдамадан өтті

 

2023 жылдың 20-24 қараша аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Филолгия институты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында философия докторы (PhD), Термез мемлекеттік педагогикалық институтының (Өзбекстан) орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Бердиева Шахноза тағылымдамадан өтті.

 

21 қарашада Өзбекстаннан келген әріптесіміз «Деректі әдебиеттегі автордың бейнесі» тақырыбында семинар өткізді, оған бакалавриат студенттері, кафедра меңгерушісі С.Д. Әбішева және кафедра оқытушылары қатысты. Семинар соңында кері байланыс түрінде сауалнама жүргізілді, оның нәтижелері алынған ақпараттың өзектілігі мен пайдалылығын көрсетті.

 

Тағылымдама барысында Шахноза Набижоновна кафедра құрамымен, нормативтік және әдістемелік құжаттамамен танысып, әріптестерімен ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Жалпы, Өзбекстаннан келген әріптесіміздің тағылымдамасы сәтті өтті.

 

  alt=  

 

  alt=