қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.11.2023

Абай университеті мен Әуезов университеті өзара тәжірибе алмасты

 

2023 жылдың 25 қарашасында Абай университеті делегациясы зерттеу университетінің моделі бойынша трансформация контекстінде тәжірибе алмасу және серіктестік орнату мақсатында Әуезов университетіне іс-сапармен барды.

 

Абай университеті Әуезов университетінің ғылыми инфрақұрылымымен танысып, инновациялық зертханаларды, Инклюзивті білім беру орталығын, Білім беру-ақпараттық орталығын, сондай-ақ Орталық Азиядағы Рае Квон Чунг атындағы жаңа климаттық экономика және тұрақты даму орталығын, білім беру контентін әзірлеуге мамандандырылған телестудия мен бейне-студияны аралады.

 

F2F-кездесу барысында тараптар Әуезов университетінің зерттеу университеті ретінде даму перспективаларын талқылады және жоғары білікті мамандарды даярлау саласындағы университеттер арасындағы өзара іс-әрекет мәселелерін қарады.

 

Бірлескен кездесу қос дипломды білім беру аясында магистратура білім беру бағдарламалары бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюмен аяқталды.

 

Әуезов университетінің ректоры Дария Қожамжарова: «Сапар аяқталғаннан кейін біздің жоғары оқу орнындарында білім беру саласындағы бірлескен ғылыми жобалардың жаңа идеялары пайда болатынына сенімдімін. Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы әріптестердің мұндай сапарлары біз үшін баға жетпес тәжірибе болып табылады».

 

Абай университетінің өкілдері әріптестеріне ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=