қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.11.2023

«Абай» студенттік апталығының жабылу салтанаты

 

Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен өткен «Абай» апталығы да өз мәресіне жетті. Апталық аясында «Абай жұлдыздары», «Спорт-денсаулық кепілі» футбол, волейбол жарысы, «Жайдарман Финал», «Oi-like» интеллектуалды танымдық викторинасы, «Абай-дана, Абай-дара» пікірсайысы, «Abai media fest» институтаралық бейнероликтер байқауы, «Сахна - мүмкіндіктер мекені» осындай бағыттар бойынша сайыстар өтті. Апталық аясында өткізілген іс-шараларға университетіміздің студенттері атсалысып, жоғары белсенділік танытты.Апталықтың соңғы нүктесі «Сахна - мүмкіндіктер мекені» қойылымдар конкурсымен аяқталды.

 

Іс-шара аясында көркем әдебиеттегі «Махаббат қызық мол жылдар», «Жусан иісі», «Қызыл жебе», «Менің атым Қожа», «Болмаған балалық шақ», «Бес бойдаққа бір той» секілді культтік шығармалар желісі бойынша қойылымдар қойылды. Жұмыстарды бағалап, сәйкесінше төрелік еткен қазылар алқасы қатарында өз ісінің майталмандары: Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Әлеуметтік- тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі бөлімнің басшысы, актер шеберлігі және сахна тілі мамандығының оқытушысы, актер, әнші Сағынаев Нұрлан, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, театр майталманы Сандуғаш Стамғазиева, актер, театр және кино актеры Оңдасын Бесікбасов, Олжас Сақ, Айбек Құдайбергенов, Бағашар Руслан төрелік етті. Нәтижесінде конкурс қорытындысы бойынша ІІІ-ші орынды Педагогика және психология институты - «Менің атым Қожа» қойылымымен, ІІ-ші орынды Өнер Мәдениет және спорт институты - «Бес бойдаққа бір той» қойылымымен, ал жүлделі І-ші орынды Филология институты - «Махаббат қызық мол жылдар» қойылымы иеленді. Сонымен қатар Жаратылыстану және география институты «Өнерлінің өрісі кең» номинациясымен, Филология институтының студенті «Үздік әйел бейнесі», Тарих және құқық институтының студенті «Үздік ер бейнесі» номинациясымен марапатталды.

 

Жабылу салтанатының барысында апталық аясында жүлделі орындарға ие болған студенттер мен институттар университіміздің Басқарма төрағасы - ректорының арнайы дипломдарымен марапатталып, ақшалай сыйақы сертификаттарын иеленді. Жеңімпаздарымызды құттықтай келе, студенттік «Абай» апталығы аясында белсенділік танытқан әрбір студентке алғыс білдіреміз! Еліміздің дамуы, өркендеуі жолында жеңістері көп болсын!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=