қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.11.2023

Финляндиядан Қазақстанға: тұрақты болашақ үшін білім

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ЮНЕСКО педагогика және мұғалімдерді даярлау кафедрасының меңгерушісі доцент Ж.Т.Тилекова және кафедраның ғылыми қызметкері Н.Ж.Опабеков 2023 жылдың 27 қарашасында «Нархоз» университеттінде Финляндия Елшілігімен және MediaNet-пен бірге өткізген «Тұрақты даму үшін білім (ESD): Финляндиядан Қазақстанға» конференциясына қатысты. Конференцияда Финляндия үкіметі мен Қазақстан Республикасының ұлттық институттарының жоғары деңгейдегі спикерлері баяндама жасады: Финляндияның білім және мәдениет министрлігі халықаралық қатынастар хатшылығының директоры Кирси Линдроос; Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Аида Ахметжанова; Нархоз университетінің тұрақты Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының директоры Брендан Дюпри және де ЮНЕСКО-ның Алматы өңірлік бөлімшесі, Білім беру мәселелері жөніндегі ұлттық маман Мейіргүл Алпысбаева. Іс-шара Финляндия Елшілігінің демеушілігімен ЭСҚ саласындағы ұлттық деңгейдегі бағдарламалар мен жобалар туралы хабардарлықты арттыруға бағытталды. Қатысушылар ОҚО және MediNet-тің аяқталған жобалары, сонымен қатар осыған байланысты болашақ жоспарларымен бөлісті.

 

  alt=