қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.11.2023

Абай университетінде Hyflex оқу зертханасы ашылды


2023 жылдың қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде AP14871883 «Hyflex технологиясы арқылы болашақ педагогтердің кәсіби жетістігін қамтамасыз ету» ғылыми жобасы аясында «Hyflex сыныбы» оқу лабораториясы ашылды. Аталған сынып білім алушылардың икемді оқыту және оқу ортасын қолдау үшін конфигурацияланған камералар мен микрофондармен жоғары сапалы өзара әрекеттесуіне, соның ішінде бейнеконференция, дәрісті жазу және экранды бөлісудің әртүрлі нұсқаларын пайдалануға мүмкіндік туғызады. Hyflex технологиясы бір уақытта офлайн және онлайн оқытуды қамтамасыз етіп, студенттерге сабақтарды асинхронды түрде аяқтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Гибридті білім беру технологиясы» оқу құралының тұсаукесері өтті. Жалпы Hyflex технологиясы мен «Hyflex сыныбы» (лабораториясы) Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде бірегей болып табылады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=