қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.12.2023

Тұрақты даму мақсаттары аясында жаратылыстану ғылымдары мен білімінің даму мәселелері


  alt=

 

2023 жылдың 30 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Тұрақты даму мақсаттары аясында жаратылыстану ғылымдары мен білімінің даму мәселелері» тақырыбында II Халықаралық жастар ғылыми форумы өтті. Іс-шараға география мұғалімдері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар қатысты. Форумның мақсаты - тұрақты даму идеяларына сәйкес қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымдары мен білім берудің даму тенденцияларын талдау.


Форум жұмысының негізгі бағыттары: Жаратылыстану ғылымдары мен білім беру парадигмалары; Климаттың өзгерістері және аймақтардың тұрақты дамуы; Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және «жасыл» технологиялар; Тұрақты даму мақсаттарына жету жолындағы стратегиялар мен серіктестіктер. Форумда жаратылыстану ғылымдары мен қазіргі білім беру мәселелері; жаһандық климаттық өзгерістер мен аймақтардың тұрақты даму мәселелері; табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен жасыл технологиялардың тиімділігі және тұрақты дамудың мақсаттарын орындау бойынша стратегиялар мен серіктестіктер туралы мәселелер талқыланды.

 

Форумның пленарлық отырысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева және Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова құттықтау сөз сөйледі. Пленарлық мәжілісте шетелдік және отандық зерттеуші ғалымдардың баяндамалары талқыланды. Алғашқы пленарлық мәжілістің баяндамашысы Сурабай университетінің профессоры (Индонезия), педагогика ғылымдарының докторы Эко Харийоно «Индонезия мен Қазақстан арасындағы климаттың өзгеруі мәселелері бойынша білім беру саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында климаттың өзгеру проблемасы бойынша мұғалімдерді даярлаудың азиялық шеңберлік бағдарламасы аясындағы елдер арасындағы тәжірибе алмасудың тиімділігіне тоқтала отырып, келешекте мұндай халықаралық тәжірибе алмасу үрдісін одан әрі жетілдіруді ұсынды. Сонымен қатар, профессор Эко Харийоно климаттың өзгеру проблемасы бойынша мұғалімдерді даярлаудың азиялық шеңберлік бағдарламасының Индонезиядағы жүзеге асырылу барысына, бағдарламаның ерекшеліктері мен оқыту әдістемесіне тоқталып өтті. Келешекте Абай университеті мен Сурабай университеті арасында ынтымақтастықты дамытуға ұсыныс жасалды, ол келесідей іс-шаралар қатарын қамтиды: климаттың өзгеру проблемалары бойынша білім беру аясындағы зерттеу ынтымақтастығы; климаттың өзгеруімен күрес бойынша қоғамдық жұмыстар бағдарламасы; студенттер арасындағы тәжірибе алмасу; дәріскерлерді шақыру. Қазіргі таңда мұндай тәжірибе алмасу Қазақстан, Монголия, Қытай, Үндістан, Жапония, Тайланд, Филиппин, Малайзия және Индонезия елдері арасында қарқынды жүріп жатыр деп атап көрсетті.

 

Сонымен қатар, пленарлық мәжілісте ТДМ насихаттау бойынша Окаяма университетінің профессоры Халифатулло ФИЛ`АРД (Жапония); Климаттың өзгеруі бойынша экологиялық білім беру орталығының бағдарламалық директоры Света Пурохит (Үндістан); Экологиялық білім беру орталығының бағдарлама үйлестірушісі Приянка Синсинвар (Үндістан); АҚ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Басқарма төрағасы Еламан Айбульдинов, Тұрақты дамуды зерттеу орталығының директоры, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің доценті Шемсеттин Чиғдем, Тұрақты университет бойынша жобаның үйлестірушісі Екатерина Горшкова (Қазақстан-Германия университеті); КЕАҚ «Республикалық физика-математика мектебі» Басқарма төрағасының орынбасары Күнғожин Алмаз (Астана); Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Химия ғылыми зерттеу орталығының PhD Қуандықова Ақбота; Қауымдастырылған профессор Тоғызов Қуаныш; Қазақ автомобиль - жол институты экономика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қабашева Мирей тұрақты даму идеяларына сәйкес қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымдары мен білім берудің даму тенденцияларын талдау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Пленарлық мәжілістен кейін география, химия және биология секциялары бойынша Индонезия, Түркия, Жапония, Үндістан, Әзербайжан және Қазақстан елдерінің зерттеуші ғалымдары баяндама жасады. Отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен өткен Форум Тұрақты даму мақсаттары аясында жаратылыстану ғылымдары мен білімінің даму мәселелері бағытында білім мен тәжірибе алмасуға оң ықпалын тигізді.

  

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=