қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2025

Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Жасанды интеллект – білім беру трансформациясының драйвері» тақырыбында көрме өтті

2025 жылдың желтоқсанның 5-і күні университеттің бас ғимаратында Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі – Жобаларды басқару топтары кеңейтілген мәжілісі аясында «ЖИ – білім беру трансформациясының драйвері: маркетингтік стратегия, дизайн, дағдылар» атты инновациялық көрме ұйымдастырылды. Шараны Математика, физика және информатика факультеті, Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы өткізді.

Көрмеде студенттер мен магистранттардың жобалары ұсынылып, білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың заманауи мүмкіндіктері көрсетілді. Қатысушылар AI-ассистенттер, автоматтандырылған жазбаша емтихан бағалау жүйесі, Arduino негізіндегі интеллектуалды чат-бот, инклюзивті білім беру платформалары, AbaiEduAI Hub экожүйесі, оқытушыларға арналған AI Academic Bot және адаптивті оқыту құралдарының жұмысымен танысты.

Әр интерактивті аймақта келушілер жеке оқу траекториясын құру, мәтіндерді автоматты бағалау, инженерлік тапсырмаларды орындау, цифрлық экожүйе элементтеріне қосылу және инклюзивті сервистерді сынақтан өткізу мүмкіндігіне ие болды.

Шара соңында «AI Transformation Wall» алаңында қатысушылар жасанды интеллекттің жоғары білім беру жүйесіне әсері жөніндегі өз ойларын қалдырды.

Көрме ЖИ технологияларының оқыту сапасын арттырудағы, академиялық үдерістерді жетілдірудегі және білім беруді цифрландырудағы маңызды рөлін жан-жақты көрсетті.


  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  




Кері оралу