қазақша · русский · english
 
 
 
03.02.2026

Кафедра өкілдерінің мектеппен кәсіби кездесуі өтті

2026 жылғы 3 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Информатика және білім беруді ақпараттандыру» кафедрасының профессор-оқытушылары – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сыдыхов Бахыт Дикамбаевич пен PhD, аға оқытушы Беделов Қамбар Амангелдиевичтің қатысуымен  Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы мектепте  мұғалімдермен, оқушылармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кафедра мен мектеп арасындағы кәсіби және ғылыми-әдістемелік ынтымақтастықты нығайту, бірлескен білім беру жобаларын іске асыру және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар заманауи білім беру үрдісінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану, инновациялық оқыту әдістемелерін енгізу бағыттары қарастырылды.

Кездесу аясында бітіруші сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасы ұйымдастырылып, оқушыларға мамандық таңдау ерекшеліктері, жоғары оқу орындарына түсу талаптары, ҰБТ форматы, кафедра жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары және университеттегі оқу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.

  alt=  

  alt=  

  alt=  




Кері оралу