қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.12.2023

«Туризм және қоғам: саяхатты өзара тиімді ету жолы» мансаптық бағдар беру жұмысы

 

2023 жылдың 2 желтоқсанында Жаратылыстану және география институтында «Sultan Travel Agency» ЖШС туристік агенттігі өкілдерінің «6В11101- Туризм», «6В11103 -Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» ББ 4 курс, «6В01516 -География-тарих» ББ 3 курс, «6В05203 -География» ББ 2 курс білім алушыларымен мансаптық бағдар беру жұмысы аясында «Туризм және қоғам: саяхатты өзара тиімді ету жолы» тақырыбында кездесуі өтті. Туристік агенттіктің өкілдері, біздің түлектеріміз Әмірхан Назерке, Әлиева Аңсаған және Ағажан Мадина туризм саласындағы жұмыстың артықшылықтары туралы жеке мысалдарында айтып берді. Сонымен қатар, олар туристік агенттіктің менеджерлеріне ұсынылатын турлардың түрлері туралы - ақпараттық турлар, Event турлар және т.б. туралы айтып, туристік компанияларда мансаптық өсу мүмкіндігі туралы ақпарат берді. Бұл кездесуді география және экология кафедрасының оқытушылары қауымдастырылған профессордың м.а. Омаров Қ.М., магистр, аға оқытушы Саванчиева А.С., магистр, оқытушы Бекен А.Н. ұйымдастырды. Кездесуге кафедра оқытушылары - доцент Иркитбаев С.Н., аға оқытушы Абулгазиев А.У. қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=