қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.12.2023

Абай университеті - QS World University Rankings: Sustainability-2024 жаңа қатысушысы

 

2023 жылғы 5 желтоқсанда экологиялық және әлеуметтік тұрақтылыққа бағдарланған QS World University Rankings: Sustainability 2024 халықаралық рейтингінің нәтижелері жарияланды, оған Абай университеті алғаш рет қатысып, 1101-1150 позициясын иеленді. Бұл көрсеткіш Азия өңірінде 34 және Қазақстанда 7 орынға сәйкес келеді.

 

Институционалдық әсерді бақылау мақсатында Абай университеті 9 көрсеткіш, оның ішінде экологиялық тұрақтылық, білім беру, зерттеу, теңдік, денсаулық және әл-ауқат бойынша бағаланды. Айта кету керек, экологиялық тұрақтылық және теңдік санаттарында Абай университеті жақсы нәтиже көрсетті, ал тиімді басқару санатында 317 орынды иеленіп, ең үздік көрсеткішке қол жеткізді.

 

QS WUR рейтингіне жетекші педагогикалық оқу орнының алғаш рет қатысқанын ескеретін болсақ, бұл нәтижелер экологиялық және әлеуметтік жауапты өмір салтына деген адалдықты арттыру, жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ынталану сынды университеттің одан әрі өсу әлеуетін көрсетеді.

 

  alt=  

 

Стратегия Департаменті