қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.12.2023

«Шың» студенттік театрының қойылымы

 

2023 жылдың 4 желтоқсанында Абай университетінің «Шың» студенттік театры қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі - «ойынқұмарлық», «людоманиямен» күресуге арналған «Бір дәурен - бозбалалық» кезекті қойылымын ұсынды. Өкінішке орай, жастардың құмар ойындарға деген қызығушылығы күн сайын артып келеді. Міне, аталған қойылым бүгінгі таңда белең алып отырған осы мәселеге және оның қоғамға қаншалықты қауіп тудыратынына назар аударуға арналған. Қойылымның идеясы және қоюшы режисерлері Өнер, мәдениет және спорт институтының 4 курс студенттері Әйгерім Дәулетова мен Жансая Ысым. Қойылымдағы оқиға барысы туралы прологтар заманауи би көріністері арқылы жеткізілуінің өзіндік ерекшелігі болды.


Оқиға қалаға арман қуып ауылдан келген үш жас кейіпкердің арасында өрбиді. Олар алып қаланың қысымына шыдай алмай, өз беттерінше жеңіл жолмен ақша табуды көздейді. Бірақ, өздерінің қалай құмар ойынға кіріп, оған жіпсіз байланып қалғанын білмей қалады. Артынан өкінішті жағдай орын алады.


Қойылымға оннан астам студент қатысып, өнер көрсетті. Басты рөлдерде Әділ (Рахымжан Жомарт) мен Бекнұр (Кәдірахман Нұр) және Айжан (Әлия Қалмағанбет) ойнады.


Жалпы, қойылымның идеясы - жастарды қоғамда белең алып отырған құмар ойындардан сақтандыру және бала қандай қиындыққа тап болса да, ата-ананың ақыл кеңесіне құлақ асу, тек өз қателігін уақытында сезініп, дер кезінде көмек сұрай білсе болғаны. Бір сөзбен айтқанда, театр қойылымы қалада қамқорлықсыз, қадағалаусыз қалған жасөспірімдердің рухани сауатты болуын дәріптейді.


Іс-шараға ректорат әкімшілігі мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары, Өнер, мәдениет және спорт институтының ұжымы мен ата-аналар қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Қоғаммен байланыс департаменті