Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
01.12.2023 Алматыда профессор Нұржамал Оразбаева атындағы дәрісхана ашылды
Биыл профессор, қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі Нұржамал Оралбайқызының туғанына 95 жыл.
Профессор еңбек жолында 300-ден астам ғылыми мақала жазған. 20-дан астам оқулық пен монографияның авторы. Ол Ахмет Байтұрсынұлынан бастап, Шамғали Сарыбаев секілді ғалымдардың еңбегін терең зерттеген. Іс-шараға жиналған ғалымдар Нұржамал Оралбайқызының зерттеулері, бүгінгі күні де өзекті,-дейді.
«Ол кісінің аты қазақ тіл білімінде «Сөзжасам» деп өз алдына бөлек қалыптасқан саламен тығыз байланысты. Нұржамал апайдың еңбектерінің арқасында қазақ тіл білімінде «Сөзжасам» деген сала дамыды. Қазіргі кезде оның ізбасарлары сол саланы әлемдік лингвистикалық деңгейде дамытып, жетілдіріп жатыр», - дейді А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан.
«Енді қазіргі кезде осы профессор Нұржамал Оралбаеваның ғылымдағы шығармашылығы туралы, оның әдістемедегі өзіндік орны туралы докторлық, магистрлік диссертациялар қорғау керек деп санаймын», - дейді ҚР ҰҒА академигі Кәрімбек Құрманәлиев.
01.12.2023 ж. Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz
|