Негізгі бет
Жаңалықтар
07.12.2023 Қызылшаның алдын алу туралы дәріс
Соңғы уақытта елімізде қызылша ауруының жиі таралуына байланысты университет ректорының барлық құрылымдық бөлім қызметкерлері мен білім алушылар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы өкімін жүзеге асыру мақсатында 2023 жылдың 5 желтоқсанында Өнер, мәдениет және спорт институты «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасында медицина ғылымдарының докторы, профессор Ш.А.Балгимбеков 3 курс студенттерімен офлайн түрде және 1 курс студенттерімен онлайн форматта дәріс жүргізді.
Профессор білім алушыларға «Қызылша» ауруының биылғы жылы жиілеу себептері, инфекция көзі мен жұғу жолдары, клиникалық белгілері мен кеселдің қауіпті асқынулары жөнінде түсінікті етіп баяндап берді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңда елімізде 19 мыңнан астам адамның қызылшамен ауырғаны белгілі, олардың 82 пайызынан астамы - балалар, көпшілігі ауруға қарсы егілмеген.
Дәріс-кездесу барысында Шамшидин Абдуллаұлы студенттерге осы қауіпті індеттен және басқа да жұқпалы аурулардан сақтану, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау жөнінде нақты кеңестер беріп, қызылшаның алдын алуда бірден бір сенімді әрі тиімді жолы балаларға уақтылы екпе (вакцина) жасау қажеттілігіне баса назар аударды.
|