қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.12.2023

Жаңа формат пен жаңа бағытта UTIQ интеллектуалды куиз сайысы өткізілді

 

2023 жылдың 6 желтоқсанында Жаратылыстану және география институтында география және экология кафедрасының оқытушысы А.Н. Бекеннің жетекшілігімен «6В11101 - Туризм» ББ 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен университет қабырғасында жаңа формат пен жаңа бағытта UTIQ интеллектуалды куиз сайысы өткізілді. Интеллектуалды куиз сайысы арқылы география және экология кафедрасының ең үздік, ең ұтқыр, ең креативті тобы анықталды.

 

Сайысқа барлығы төрт команда қатысып, келесі орындарға ие болып, арнайы сыйлықтармен марапатталды: І орын - «Intellectuals» командасы, 2 курс «География-Тарих» мамандығы; 2 орын - «Жеңіс» командасы, 4 курс «Туризм» мамандығы; 3 орын - «Кариб теңізінің қарақшылары» командасы, 3 курс «Ғылыми география» мамандығы. Қатысқаны үшін 3 курс «География-тарих» мамандығының «Империя» командасы алғыс хат алды.

 

Сайысқа кафедраның студенттері мен оқытушылары қатысып, қатысушы командаларға қолдау көрсетті.

 

Мұндай іс-шарлар студенттердің білімін арттырып қана қоймай, олардың жан-жақтылығын, қазіргі заманғы ағынға ілесе алуына себепкер болады деген ойдамыз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=