қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.12.2023

«Сенім» қамқоршы еріктілер клубы «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығында

 

2023 жылдың 4-10 желтоқсанында 5 желтоқсан «Халықаралық еріктілер» күніне орай еріктілер апталығы аясында Абай университетінің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті мен Өнер, мәдениет және спорт институтының ұйымдастыруымен «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығындағы қарттардың құрметіне мерекелік концерт өтті.


Мерекелік концерттің мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару болып табылады.

 

Шара барысында Өнер, мәдениет және спорт институтының студенттері қазыналы қарттардың көңілін аулап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, орталықтағы қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылып, жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздар алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, университеттің «Сенім» қамқоршы еріктілер клубы «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығының тұрғындарына жылы лебіздерін жолдап, сыйлықтарын тарту етті.

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті