қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.12.2023

Ұлы даланың рухани құндылықтары: білім, мәдениет және спорт

 

2023 жылдың 8 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ ЮНЕСКО педагогика және мұғалімдерді даярлау кафедрасының меңгерушісі Ж.Т.Тилекова және кафедраның ғылыми қызметкері Н.Опабеков Өнер, мәдениет және спорт институтының ұйымдастырумен өткен университеттің 95 жылдығына арналған «Ұлы Даланың рухани құндылықтары: білім, мәдениет және спорт» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

 

Ж.Т.Тилекова «Абай атындағы ҚазҰПУ-де тұрақты даму мақсаттарының орындалу саясатының бағдарламасы» тақырыбында баяндама жасады. БҰҰ және ЮНЕСКО ұйымы туралы мағлұматтар беріп, университеттің ЮНЕСКО педагогика және мұғалімдерді даярлау кафедрасының мақсат, міндеттерімен таныстырды, сонымен қатар университетте бекітілген тұрақты даму мақсаттарын орындау саясатын баяндады, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер баяндалған тақырыпқа қызығушылық танытып сұрақтар қойды.

 

  alt=  

 

  alt=