қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.12.2023

Жаратылыстану және география институты №178 лицейде дидактикалық материалдар көрмесін өткізді

 

2023 жылдың 7 желтоқсанында Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған лицейде Абай университеті Жаратылыстану және география институтының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен дидактикалық материалдар көрмесі өтті.

 

Іс-шараға институт директоры Куләш Каймулдинова, «Мансап» орталығының жетекшісі Сауле Калибекова, институттың профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, лицей ұстаздары мен оқушылары қатысты.

 

Студенттер LED экраннан педагогикалық іс-тәжірибе барысында өткен ашық сабақтарының үзінділерін, әр мектепте ұйымдастырған көрмелерінің бейнежазбаларын, STEM технология материалдарын және дидактикалық материалдар топтамаларын «ЖГИ практика сайты» парақтарынан көрсетті. Бұған қоса 4 курс білім алушылары оқу үрдісіне қолдан жасаған әртүрлі дидактикалық материалдар топтамасын көрмеге ұсынды. Көрмеге студенттер мен мектеп оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

 

Көрме жоғары деңгейде өтіп, білім алушылар өзара тәжірибе алмасты. Іс-шара соңында 4 курс білім алушылары мен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=