
Гуманитарлық ғылымдар кафедрасы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Гуманитарлық ғылымдар кафедрасы / Жаңалықтар
12.11.2025
Тарих және құқық факультеті, Гуманитарлық пәндер кафедрасы, «8D02201- Философия» мамандығы, 2-курс докторанты Қосдаулетова Сандуғаш Қосдаулетқызы 12 қараша сағат 13.00 де, 422 аудиторияда, «Философия» пәні бойынша «Еркіндік философиясы» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.
Ашық сабақта жетекші филос.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мадалиева Жаңыл Қайыржанқызы, кафедра бойынша тәжірибе жетекшісі PhD доктор Асем Сабитқызы қатысты. Дәріс сабағында студенттерге жаңа материалды түсіндіру, қайталау, білімді бекіту, ақпарат берумен қатар, талдау, анализ жасау әдістері қолданылды. Докторант дәріс барысында студенттермен кері байланыс жасап отырды және педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін, сабақ құрылымын жоспарлауды және студенттердің белсенділігін арттыру тәсілдерін меңгерді. Тәжірибе барысында докторант өзін жауапкершілігі жоғары, ізденімпаз, студенттермен және ұжыммен өзара сыйластыққа негізделген байланыс орната алатын, әр сабақта жаңа технологиялар мен жаңа оқыту әдістерін қолдану арқылы оқыту тиімділігін арттыратын маман ретінде көрсетті. Педагогикалық тәжірибе докторанттың кәсіби көзқарасын қалыптастыруға, педагогикалық шеберлігін дамытуға ықпал етті. Тәжірибе нәтижесінде докторант оқытушы мамандығына деген қызығушылығын арттырып, өз мүмкіндігін бағамдады.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|