қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2025

2025 жылы 17 қарашада И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп -интернаты оқушылар арасында "Зайырлы Қазақстан және толеранттылық. Діни экстремизмнің алдын алу" тақырыбында дәріс өткізілді.


Іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық факультетінің гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы арнайы шақырылды.
Дәріс барысында сарапшы деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеялардың таралу әдістері және ұлттық құндылықтар мен діни сенімдердің өзара байланысы туралы баяндады. Сондай-ақ, ол қоғамдағы жалпы мәдениеттің және құқықтық сананың жоғары болуының маңыздылығын атап өтіп, отбасында және қоғамда төзімділік дәстүрлерін нығайтудың дінаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі рөлін ерекше айтты.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап алды. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тыңдаушылардың көңілінен шықты.

 

 

  alt=  

  alt=




Кері оралу