қазақша · русский · english
 
 
 
19.11.2025

2025 жылдың 19 қарашасында Дүниежүзілік философия күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультетіндегі Гуманитарлық ғылымдар кафедрасында философия ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Кабаеваның ұйымдастыруымен «Қазақстандық студенттердің ел болашағына философиялық көзқарасы» атты VI дәстүрлі университетаралық студенттік конференция өтті.
Конференцияға ҚазҰҚызПУ, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен магистранттары белсене қатысты.
Жүлделі орындар иеленген білім алушылар:
I орын - Абай атындағы ҚазҰПУ магистранттары Утепергенов Никита Маратович пен Утепергенова Александра Романовна.
II орын - Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері Найманов Эмир Кайратович пен Ділдабек Ұлданай.
III орын - С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті Ысқаков Әли, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Кусаинова Мерей Даулетовна, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Маратова Азия.
Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының философ профессор-оқытушылар құрамы студенттік конференцияның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
Конференция соңында қатысушы білім алушылар мен жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.

 

 

  alt=

 

  alt=

 

  alt=




Кері оралу