| |
Гуманитарлық ғылымдар кафедрасы | |
24.11.2025
Спортшылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу 2025 жылғы 24 қарашада Қ. Ахметов атындағы Республикалық мектеп-интернатында спортшыларға арналған «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тарих және құқық факультетінің гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Нұрлан Аманғазыұлы Орынбеков арнайы шақырылды. Дәріс барысында маман деструктивті діни ағымдардың негізгі ерекшеліктеріне, экстремистік идеялардың таралу тетіктеріне тоқталып, ұлттық құндылықтар мен діни нанымдардың өзара байланысы жөнінде кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, қоғамдағы жалпы мәдениет деңгейі мен құқықтық сананың жоғары болуының маңыздылығын атап өтіп, отбасындағы және әлеуметтік ортадағы төзімділік дәстүрлерін нығайтудың дінаралық татулықты сақтаудағы рөліне ерекше мән берді. Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарына жан-жақты жауап алды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тыңдаушылар тарапынан оң бағасын алды.




Кері оралу
|
|
|