
Гуманитарлық ғылымдар кафедрасы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Гуманитарлық ғылымдар кафедрасы / Жаңалықтар
24.12.2025
2025 жылдың 24-желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанынан құрылған 8D031 – «Әлеуметтік ғылымдар» (6D050200 / 8D03104 – Саясаттану, 6D050100 / 8D03103 – Әлеуметтану, 6D020400 / 8D03102 – Мәдениеттану) бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесте екі докторант ғылыми жұмыстарын қорғады. Қорғау мәжілісіне диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы ретінде Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, PhD Абылов Тұңғыш Талғатұлы қатысты. Бірінші болып «6D050200 – Саясаттану» мамандығы бойынша докторант Набиев Вакиль Гусейнович «Курдская диаспора в Центральной Азии: политологический анализ» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын ұсынды. Кейіннен «6D050100 – Әлеуметтану» мамандығы бойынша докторант Юсупов Қуанышбек Есенбекұлы «Қазақстан Республикасында индустриалды-инновациялық даму стратегиясының ерекшеліктеріне әлеуметтанулық талдау» тақырыбындағы ғылыми еңбегін қорғады. Қорғау нәтижесінде екі докторант та өз диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесін алуға лайық деп танылды. Кафедра ұжымы жас ғалымдарды маңызды ғылыми жетістіктерімен құттықтап, алдағы ғылыми-зерттеу қызметтеріне табыс тілейді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|