қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.12.2023

«Арнайы педагогика - педагогиканың ерекше саласы» ашық есік күні

 

2023 жылдың 8 желтоқсанында Педагогика және психология институтының арнайы педагогика кафедрасы ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирде «Арнайы педагогика - педагогиканың ерекше саласы» тақырыбында ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген талапкерлер, мұғалімдер, мектеп және колледж басшылары қатысты. Барлық қатысушылар саны 97 адамды құрады.

 

Іс-шараны арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі А.Н.Аутаева құттықтау сөздерімен ашып, қатысушыларды университеттің жетістіктерімен, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерімен таныстырды. Іс-шара барысында сөз алған кафедраның кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты мүшесі Д.Байдосова және басқа да профессорлық-оқытушылар құрамы қатысушыларға арнайы педагогика тек терең білімді ғана емес, сонымен бірге мейірімділік, ізгілік және жауапкершілікті қажет ететін педагогиканың ерекше саласы екендігін түсіндіріп, түлектерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға кеңестер берілді.

 

Іс-шараға «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламаларының 1-3 курс студенттері де белсене қатысып, қатысушылармен мамандықтар жайлы ақпараттарымен бөлісті. Ашық есік күнінің соңында қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар беріліп, кері байланыс жүзеге асырылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=