Негізгі бет /
Хабарландыру
02.11.2020 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
«Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы - 18
«Бастауыш» білім беру бағдарламалары - 7
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламалары - 8
«Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламалары - 10
* - ҚазҰПУ берілген атағы
«Әлеуметтік ғылымдар» (Психология) білім беру бағдарламасы- 15
Университет бойынша педагогикалық цикл пәндер бөлімі (Педагогика) - 4
ӨНЕР, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ИНСТИТУТЫ бойынша - 74 орын «Дизайн» кафедрасы - 16
«Көркем білім беру» кафедрасы - 18
* - ҚазҰПУ берілген атағы
«Музыкалық білім және хореография» кафедрасы- 16
* - ҚазҰПУ берілген атағы
«Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы - 8
«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы - 16
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ бойынша - 71 орын
Академик С.С.Қирабаев атындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы - 3
«Шығыс филологиясы және аударма» кафедрасы - 12
* - ҚазҰПУ берілген атағы
«Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы -9
* - ҚазҰПУ берілген атағы
«Шетел тілдері» кафедрасы - 47
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ бойынша - 34 орын
«Математика және математикалық моделдеу» кафедрасы - 6
«Физика» кафедрасы - 5
«Математика, физика және информатиканы оқытудың әдістемесі» кафедрасы - 12
* - ҚазҰПУ берілген атағы
«Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасы - 11
* - ҚазҰПУ берілген атағы
ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ бойынша - 40 орын
«Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасы - 12
«Әлем тарихы» кафедрасы - 8
* - ҚазҰПУ берілген атағы
Академик Т.С.Садықов атындағы «Қазақстан тарихы» кафедрасы - 12
«Құқықтану» кафедрасы - 8
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ бойынша - 37 орын
География, қоршаған орта және қызмет көрсету бойынша білім бағдарламалары - 12
* - ҚазҰПУ берілген атағы
Биология бағытындағы білім беру бағдарламасы - 12
* - ҚазҰПУ берілген атағы
Химия бағытындағы білім беру бағдарламасы - 13
СОРБОННА-ҚАЗАҚСТАН ИНСТИТУТЫ бойынша - 45 орын
Экономикалық мамандықтар кафедрасы - 17
«Халықаралық қатынастар» кафедрасы - 16
* - ҚазҰПУ берілген атағы
«Халықаралық құқық» кафедрасы - 12
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Профессор лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесінің, «профессор» ғылыми атағының, ғылыми-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес еңбек өтілі және біліктілікті жоғарылату туралы сертификаты болуы тиіс. Доцент лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, (кандидаттық немесе философия докторы (Ph.D)) дәрежесінің, «доцент» ғылыми атағының, ғылыми-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес еңбек өтілі және біліктілікті жоғарылату туралы сертификаты болуы тиіс. Аға оқытушы лауазымына: үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде аға оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі, біліктілікті жоғарылату туралы сертификат болуы тиіс. Оқытушы лауазымына: үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады: ҚазҰПУ-нің ПОҚ: 1) жеке өтініші; 2) ғылыми еңбектерінің соңғы бес жылғы тізімі; 3) кафедра отырысының шешімі; 4) шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда); 5) соңғы бес жылда өткен біліктілікті жоғарылату туралы сертификат; 6) ашық сабақ қортындысы және үміткерлердің - ашық сабақ материалдарының презентациясы (электронды түрде, 15 слайдтан артық емес).
Конкурсқа қатысуға сыртан келген үміткер тұлғаларға қажетті құжаттар тізімі: 1) университет ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттарының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларымен); 5) жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі; 6) шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда); 7) біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі (болған жағдайда); 8) ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі (соңғы 5 жыл бойынша); 9) соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама; 10) басқа мекемеден келген тұлғалар үшін соңғы жұмыс орнынан мінездеме; 11) үміткерлердің - ашық сабақ материалдарының презентациясы (электронды түрде, 15 слайдтан артық емес).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау: 2020 жылғы қарашаның 30-на дейін (қоса алғанда).
Құжаттар келесі мекен жайда қабылданады: Алматы қ-сы, Достық даңғылы, 13
Персоналды басқару бөлімі (каб.№103); сағат 09.30-дан 17.30-ға дейін немесе электронды нұсқада: o_k_28@bk.ru (құжаттардың түпнұсқасын конкурс болатын күні алып келу қажет).
Анықтама телефондары: 8 (727) 291- 82-57, 291-18-29
|