қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.12.2023

Жаратылыстану және география институты 4 курс студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибесінің қорытындыcы

 

2023 жылдың 13 желтоқсанында Жаратылыстану және география институтының 4 курс студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы өтті.

 

Іс-шараға институт директоры К.Д.Каймулдинова, іс-тәжірибе жетекшілері, 4 курс студенттері қатысты. Студенттер Алматы қаласы мектептерінде педагогикалық іс-тәжірибесінен өтті. Теориялық білімдерін жүзеге асыруға бағытталған іс-тәжірибеде студенттер мұғалім ретінде сабақ беріп, сынып жетекшілік қызмет атқарды. Қорытынды конференцияда студенттер өз мектептерінде атқарылған барлық жұмыстарды көрнекі түрде көрсетіп, есеп берді.

 

Студенттер өз есептерінде, теориялық білімдерін іс-тәжірибеде жүзеге асыру, олардың бойларында кәсіби дағдылары мен коммуникативтік құзыреттіліктерін арттырғанын атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=