қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
17.05.2014

2014 жылдың 18 мамыры мен 20 мамыры аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде институциональдық аккредиттеу процедурасы өткізіледі.

Университетке келетін сыртқы сараптау комиссиясы ұсынылып отырған білім беру қызметтерінің аккредиттеудің бекітілген стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында шақырылды.       

Жұмыс барысында сыртқы сараптау комиссиясының мүшелері университет басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен және білім алушылармен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездеседі.  Оқу және ғылыми зертханаларға, жатақханаларға және спорттық сауықтыру кешендеріне бару жоспарланып отыр.