Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
26.12.2023 Абай университетінің ғалымдары ғылыми марапаттарға ие болды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі үздік ғылыми зерттеулерді анықтауға және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға бағытталған 2023 жылғы конкурстың қорытындысын жариялады.
Абай университетінің Н.Келімбетов атындағы Түркітану орталығы дайындаған «Мұқағали тілі сөздігі» монографиясының авторлары -гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін Ш.Уәлиханов атындағы атаулы сыйлыққа ие болды. Бұл маңызды еңбектің авторлары - Шерубай Құрманбайұлы, Жансейіт Түймебаев, Байынқол Қалиев және Сәбира Исакова. Түркітану орталығының жетекшісі - ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы. Биылғы жылы Абай университеті ғылым мен білім саласындағы ерекше жетістіктері үшін осымен екінші мәрте Ш.Уәлиханов атындағы атаулы ғылыми сыйлыққа ие болып отыр.
26.12.2023 ж. Ақпарат көзі: bilim.expert
|