қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.12.2023

Ең белсенді студенттер марапатталды

 

2023 жылдың 27 желтоқсанында Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығын қорытындылай отырып, ең үздік, белсенді студенттерді марапаттау рәсімі өтті.

 

Іс-шараның мақсаты - университетіміздің қоғамдық өміріне белсене араласып, оның дамуына елеулі үлес қосып жүрген студент-жастардың еңбегін бағалау, игі істерін көрсету. Салтанатты шараға университетіміздің белсенді студенттері, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері мен студенттік клуб мүшелері және қайырымдылық шараларымен айналысып жүрген университет еріктілер клубы қатысты.

 

Университет тек қана педагог маманын дайындау бағытында ғана емес, студенттердің шығармашылығының шыңдалуына да мүмкіндіктер жасауда. Нәтижесінде университетіміздің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген 400 студент Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы-ректордың «Алғыс хатына» марапаттауға ұсынылды. Қызылша мен ЖРВИ-дың таралуы бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты студенттердің басым бөлігі онлайн оқу режимінде болғандықтан, шараға марапатталған 55 студент ғана қатыса алды.

 

Университеттің белсенді студенттеріне Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің атынан алғыс хатпен қоса, оқу ордасының арнайы сыйлықтары табыс етілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=