қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.01.2024

Қысқы мектеп-2024

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2023 жылдың 8 қаңтарынан бастап жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын оқыту мақсатында Қысқы мектеп жүріп жатыр. «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын күшейту» тақырыбында Қысқы мектеп педагогикалық білім беру (БҚ) бағдарламаларын іске асыратын 42 жоғары оқу орнынан 1800 профессор-оқытушылар құрамын оқытуға бағытталған.

 

Оқытудың мақсаттары ҚР ҒЖБМ-нің «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» (ДБ) жобасы аясында әзірленген жаңа 30 ББ және жетілдірілген ПБ моделін іске асыру, сондай-ақ білім беру бағдарламалары үшін силлабустар жазу бойынша біліммен және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады. Оқыту Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің ұйымдастыруымен жүргізілуде. Оқыту-тренингке университет бойынша 145 оқытушы қатысуда. Спикер-тренерлер осы жобаның автор-құрастырушылары: Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры Байдильдина А.М., Институциональдық тиімділік кеңсесінің жетекшісі Хамраев Ш. И., Педагогика және психология институтының директоры Абаева Ғ.А., информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі Ошанова Н.Т., оқытушылар: Карбаева Ш.Ш., Нұрман Ш.Т., Рабилова З.Ж.. Осы жоба аясында дайындалған білім бағдарламаларына университетте биылғы оқу жылына 9-бакалавриат және 2 магистратура білім бағдарламаларына білім алушылар қабылданды. Жаңа оқу жылына тағы 7 білім бағдарламасына қабылдау жоспарланған.

 

Семинар-тренинг 2 аптаға жалғасады. Екінші аптада ҚР ҒЖБМ, Назарбаев университетінің өкілдері және Финляндиялық эксперттер келіп қатысады. Бұл Қысқы мектеп университет тарихында алатын орны ерекше болып отыр.

 

  alt=  

 

  alt=