қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.01.2024

Абай университетінің Мемлекеттік сыйлық және ғылыми стипендия иегерлері марапатталды

 

  alt=  

 

2024 жылғы 12 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп Республикалық «Ғылым саласындағы сыйлық (атаулы премия) және мемлекеттік ғылыми стипендия» иегерлерін, Республикалық «ЖОО үздік оқытушысы-2023» байқауларының жеңімпаздарын марапаттады. Марапаттау рәсіміне зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор Е.Бөрібаев, Аппарат басшысы Ж.Ішпекбаев, Ғылым департаментінің директоры Ұ.Әбдіғапбарова, ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасының жетекшісі Г.Баймбетова қатысты.


Аталған байқауларға қатысушылардың жетістіктері әр түрлі критерийлер бойынша бағаланды: электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау, жазба көруге болатын платформаларда ұсынылған сабақтардың сапасы, отандық және халықаралық рейтингтік басылымдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы, қорғау рәсімінен сәтті өткен докторанттардың жұмыстарына басшылық ету және т.б.

 

Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық иегерлері - профессорлар Ш.Құрманбайұлы мен Б.Қалиұлына, Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері, жетекші ғалым - профессор А.Бердышевке, талантты жас ғалымдарға арналған ғылыми стипендия иегерлері - PhD докторлар Ж.Байшемиров пен А.Сейлханға, сондай-ақ, «ЖОО үздік оқытушысы - 2023» байқауының жеңімпаздары - профессор Б.Жумагуловқа, PhD докторлар К.Бекенаева мен Д.Алиаскаровқа университетіміздің абырой беделін көтеру жолындағы жемісті еңбектері үшін алғыс хаттар табысталды. Алдағы уақытта бұдан да биік межені бағындыру жолында аянбай еңбек ете берулеріне тілектестік білдірді.

 

Ғалымдарды айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер, қызықты идеялар және еліміздің өркендеуі жолындағы ғылыми шығармашылық ізденістерінің жемісті болуын тілейміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=