қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.01.2024

Педагогикалық емес мамандықтардың өндірістік практикасын ашу жөніндегі конференциясы

 
Филология институтының оқу жоспарына сәйкес шығыс филологиясы және аударма кафедрасының «6В02303 - Аударма ісі», «6В02313 - Шетел филологиясы: шығыс (араб, қытай, түрік) тілдері» (қ/б о/б) , «6В02311-Шетел филологиясы: ұйғыр тілі мен әдебиеті» (қ/б о/б) мамандықтары студенттерін, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, Басқарма төрағасының бұйрығы бойынша, 2024 жылғы 15 қаңтар - 27 сәуір аралығында өндірістік практикадан өту үшін , ҚР Қорғаныс Министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына, «Enjoy Service» ЖШС, «Трансойл» АҚ сақтандыру компаниясына, «Anisa Translation Group» ЖШС-не, Манғыстау обл., Баутино ауылы «NH CargoЖШС , «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамына, Алматы қаласы Х.Хамраев атындағы №150 мектепке, Алматы қаласы «МИР» баспасына жіберілді.
 
Осы мамандықтар бойынша іс-тәжірибе ашылу конференциясы ZOOM платформасында онлайн режимде 2024 жылы 13 қаңтарда өтті. Іс-тәжірибе ашылу конференциясына кафедра меңгерушісі, Конкабаева Н.Н., кафедра бойынша іс-тәжірибеге жауапты магистр, аға оқытушы Раева А.Н, әдіскер-оқытушылар - магистр, аға оқытушы Оразова Р.К., магистр, аға оқытушы Мухитов А.З.,ф.ғ.к, аға оқытушы Баратова Ш.Б., және іс-тәжірибеге баратын студенттер қатысты. Конференция барысында практиканың мақсат-міндеттері, ережелері түсіндірілді, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.

 

  alt=