қазақша · русский · english
   
Біз туралы

 

 Исабек Нұрдәулет Еркінұлы
Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Уалиханов көшесі 64
 +7(727)291-76-08

 Рысымбетов Ержан Құрбанәліұлы
Кафедра меңгерушісі
Өнертану PhD докторы
Достық даңғылы, 13
 8-701-300-13-03
erjan_01.01@bk.ru

 Ибрагимов Аман Ілесұлы
Аға оқытушы
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Достық даңғылы, 13
 8-777-550-31-10
aman.07@inbox.ru

 Байғалиев Әділбек Манарбекұлы
Аға оқытушы
Магистр
Стадион «Спартак»
 8-775-129-84-74
adil_inju@mail.ru

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты педагогикалық және педагогикалық емес мамандықтар даярлайды. 2015/2016 оқу жылында институттың негізін 1 ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, 1 Ы.Алтынсарин ат. ҰБА академигі, 2 ҚР Суретшілер академиясының академигі, 15 ғылым докторы, 24 профессор, 49 ғылым кандидаты және доцент, 1 Қазақ ССР жастар сыйлығының лауреаты, 2 «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, 43 КСРО және ҚР Суретшілер одағының мүшесі, 2 ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, 3 ҚР Қөлөнершілер одағының мүшесі, 7 ҚР «Мәдениет қайраткері». 1 ҚР Еңбексіңірген қайраткері», 6 ҚР «Еңбексіңірген жаттықтырушы» және жоғарғы білікті әдіскерлер мен тәжірибелі мамандар құрайды.
Институтта өнер саласы бойынша суретші, музыкант, хореограф, дизайнер және ұстаздар дайындауда жылдар бойы қалыптасқан дәстүрге бай жоғары деңгейдегі білім беріледі. Оқытушы-шеберлер мен студенттердің шығармашылық жұмыстарын республикамызда ғана емес Швеция, Түркия, Франция, Корея, АҚШ, Россия, Чехия, Канада, Оман, Үндістан т.б. сияқты көптеген жақын және алыс шет мемлекеттердің де мұражайлары мен көрме залдарынан кездестіруге болады. Сондай-ақ студенттеріміз Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары, «Музыкалық білім» және «Хореография» мамандықтары студенттерінен құралған фольклорлық ансамбль жұмыс істейді. Институтта халықаралық дәрежедегі 6 спорт шебері, 24 спорт шебері, 37 спорт шеберлігіне үміткер оқиды.
Бакалавриат
Институт мамандықтары:
«5В010700-Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлайды. Бұл мамандықты бітірушілер орта және арнайы мектептер мен колледждерде, жеке үйірмелерде және көркемөнер орталықтарында бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәндерінің мұғалімі бола алады, сондай-ақ көркемөнер саласы бойынша қосымша қолөнер, суретші, мүсінші, керамик, өнертанушы, экскурсовод, мұражайтанушы, дизайнер, безендіруші, оқу шебері, технолог, кітап безендірушісі және т.б салаларға жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар.
«5В041300-Кескіндеме» мамандығы бойынша өнер бакалаврын даярлайды. «Кескіндеме» мамандығын бітірушілер кескіндеме суретшісі мамандығын алумен қатар «Графика», «Дизайн», «Монументалдық және миниатуралық кескіндеме, Фреска, Левкас, Технология, саласын меңгеріп, өнертанушы, экскурсовод, мұражайтанушы, дизайнер, безендіруші, оқу шебері, технолог, кітап безендірушісі саласы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар.
«5В042100-Дизайн» мамандығы (графикалық дизайн, архитектуралық дизайн, киім дизайны) бойынша өнер бакалаврын даярлайды. Дизайн мамандығын бітірушілер өз мамандығының саласы бойынша жарнамалық агенттігінде, қала безендіруде, басылымдарда, құрылыс компанияларында, киім отельесінде және т.б. орындарында суретші-дизайнер маманы болумен қатар өнертанушы, экскурсовод, мұражайтанушы, киім дизайнері, сәулет дизайнері, графика дизайнері, безендіруші-дизайнер, оқу шебері, технолог, кітап безендірушісі бола алады.
«5В041700 - Сәндік қолөнер» мамандығы бойынша өнер бакалаврын даярлайды.
«Сәндік қолөнер» мамандығын бітірушілер өнеркәсіптік оқыту, металды көркемдеп өңдеу, ағашты көркемдеп өңдеу, терімен жұмыс, гобелен, батик, ши тоқумен айналысумен қатар «Көркем тоқыма», «Ағаш және басқа материалды көркем өңдеу», «Метал және басқа материалды көркем өңдеу» «Көркем керамика» мамандандырылуы бойынша әр салаға бөлінеді. Олар сәндік қолөнер суретшісі маманы болумен қатар қолөнер шебері, суретші, мүсінші, керамик, өнертанушы, экскурсовод, мұражайтанушы, дизайнер, безендіруші, оқу шебері, технолог мамандары бола алады. Домбыра шебері Ж.Тұрдығұловтың жетекшілігімен «Саз аспаптарын жасау шеберханасы» жұмыс істейді.
«5В041400 - Графика» мамандығы бойынша өнер бакалаврын даярлайды. «Графика» мамандығын бітірушілер станоктік графика, линогравюра, литографика, композиция, жобалау пәндерін меңгерумен қатар суретші-график, графика дизайнері, мүсінші, өнертанушы, экскурсовод, мұражайтанушы, дизайнер, безендіруші, оқу шебері, технолог мамандары бола алады.
«5В010600-Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім бакалврын даярлайды.
Мамандық бойынша музыка саласындағы пәндерден теориялық білім жіне арнайы пәндерден практикалық дәріс беріледі. «Музыкалық білім» мамандығын бітірушілер орта мектетперде және педагогикалық колледждерде музыка мұғалімі маманыдығын алумен қатар, балабақшаларда, үйірмелерде, мәдени орындар мен орталықтарда музыкант, жетекші болып жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар.
«5В040900 -Хореография» мамандығы бойынша өнер бакалаврын даярлайды. «Хореография» мамандығын бітірушілер орта және арнайы мектетперде және колледждерде хореограф маманыдығын алумен қатар, балабақшаларда, үйірмелерде, мәдени орындар мен орталықтарда, театрларда хореограф, жетекші болып жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар.
«5В010800-Дене мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлайды. Кафедрада дене тәрбиесі мен спорт саласында практикалық тұрғыдан жоғарғы білікті мамандарды дайындап, дене мәдениеті арқылы сауықтыру және қалпына келтіруді ғылыми-теориялық және әдістемелік білім бойынша дәріс беріледі. «Дене мәдениеті және спорт» мамандығын бітірушілер орта және арнайы мектетперде және колледждерде дене шынықтыру мұғалімі мамандығын алумен қатар, үйірмелерде, мәдени орындар мен орталықтарда, спорт кешендерінде, жаттықтырушы, бапкер болып жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар.
«5В010400-Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлайды. «Бастапқы әскери дайындық» мамандығын бітірушілер орта және арнайы мектетперде және колледждерде бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі мамандығын алумен қатар ҚР қарулы күштері қатарында жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар.
Институтта магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламасы бойынша екі бағытта - ғылыми-педагогикалық және кәсіптік - түлектерге болашақта ғылыми, педагогикалық, басқару және эксперттік қызметтерде нәтижелі айналысуға мүмкіндік беретін мамандандырылған терең кәсіби білім беріледі
Магистратура
6M010700 - Бейнелеу өнері және сызу
6М041600 - Өнертану
6М 010800 - Дене мәдениеті және спорт
PhD докторантура
6D010700 - Бейнелеу өнері және сызу

Көркем сурет факультеті 1963 жылы физика-математика факультетінің базасында бөлім болып ашылып, 1969 жылы жеке факультет болып шаңырақ көтергеннен бері, кәсіптік шығармашылығы мен ғылыми потенциалы бар мамандар даярлап келеді.

1969 жылы жаңа оқу жылынан бастап көркем сурет факультеті республикамыздағы жоғары педагогикалық білім беру оқу орындарының ішінде тұңғыш бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімдерін даярлайтын тұңғыш та, жалғыз көркем педагогикалық оқу орны болып  келді.

Қазірде факультетте студенттердің пластикалық және архитектоникалық өнер саласында ең  заманауи да беделді мамандықтар алуына жағдайлар мен мүмкіндіктер беру үшін өте маңызды. Мамандықтар шоғырының кеңдігі түлектердің әр қилы көркемдік ұмтылыстарын жүзеге асыруына ықпал етеді. Көркемдік-эстетикалық тәрбие мен білім беру саласында кәзіргі қоғамның түбірлі жаңа талаптарын қоюда: нағыз қажет білім- ол өнер саласы және кеңірек алсақ - мәдениет саласындағы білімнің барлық маңызды компоненттерін қамтитын білім екені анық. Факультет студенттерді тек өнерді тани білуге ғана емес, көркем шығармашылықтың әртүрін меңгере білуге өзіне міндет етіп отыр.

Факультеттің міндеті - өз түлектерін практикалық машықтылық негіздері жағынан және тарихи, теориялық-әдістемелік  мәнін түсінуден іргелі, университеттік кең біліммен дайындап шығару болып табылады. Оқу жоспары мен бағдарламаларында қарастырылған пәндерді игеру оқытудың тео­риялық  және практикалық сипатын ұштастырады, мұның өзі университет білімінің  мәніне,  жалпы  талаптарына  жауап береді. Өнер тарихын, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі мен теориясы, әлемдік көркемсурет мәдениеті мен өнерін тануға және оны кеңінен  тартуға кеңінен мүмкіндік береді.

Факультет Қазақстанға мәдениет пен өнер қайраткерлерінің  саңлақтарын, әйгілі графиктер мен сұңғатшыларды, мүсіншілер мен педагогтарды дайындап беруде, сөйтіп Республикамыздың білімі мен мәдениетін көтеруге елеулі үлес қосты, көптеген шығармашылық тұлғалардың қалыптасуы мен дамуына ықпал етті, өнер саласындағы қызықты жобаларға бастамашы болды.

Қазіргі кезде біліктілігі жоғары 93 профессор-окытушылар кұрамы бар. Олардың ішінде: 2- педагогика ғылымдарының докторлары, 1- ЖАК профессоры, 10- академиялық профессор, 21- педагогика ғылымдарының кандидаты, 1-өнертану кандидаты, 1- философия ғылымының кандидаты, 8-ЖАҚ доценттер, 1-РҺD докторы, 9- академиялық доценттер, 43-КСРО және ҚР Суретшілер Одағының мүшелері, 2- ҚР Дизайнерлер Одағының мүшелері, 3-Қолөнершілер одағының мүшесі, 1- ҚР енбек сіңірген қайраткері, 8- ҚР «Мәдениет қайраткері», 3- жастар және республикалық сыйлықтарының лауреаттары бар.

Факультет Ханьшан педагогикалық университетімен; Гуанжоу педагогикалық университетімен; Тольятти мемлекеттік университетімен; Омск жеңіл өнеркәсіп техникумымен және Нижневартовск мемлекеттік педагогикалық университетімен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынаста.

Қазірде факультетте  оқытушылар құрамының ішінде Қазақстан суретшілер одағының мүшелері  және белсенді шығармашылық жұмыстармен айналысып  жүрген  кәсіби суретшілер ретінде алыс-жақын шет мемлекеттер мен Қазақстанда ұйымдастырылатын әртүрлі көрмелер,байқаулар мен жобаларға белсенді қатысуда. Ал оқытушылардың шығармашылық туындыларын Швеция, Турция,  Корея,  Ресей,  Франция  т.б. мемлекеттердің  көрме  галереялары мен  мұражай  залдарынан  кездестіруге  бо­ла­ды.

Факультет түлектері Абай атындағы Қаз ҰПУ-дың магистратура және РҺD докторантура институтында  оқуларын жалғастыру мүмкіндіктері бар.

Көркем-сурет факультетінің түлектерінің мүмкіндіктері тек жоғарыда көрсетілген мамандықтармен ғана шектелмейді. Білім алған кезде өз бойында қалыптастырған интеллектуалды қабілет пен сапа олардың жоғары, орта, кәсіби білім оқу орындарында, мемлекеттік кызметте және ғылыми - зерттеу жұмысқа араласу барысында көрінеді.

Біздің студенттер бірнеше жыл қатарынан университет қабырғасында оқып жүрген кездердің өзінде-ақ қол өнерінен, кескіндемеден шығармашылық жұмыстарымен «Шабыт» халықаралык жастар фестивалінің, «Шебер» республикалық байқауына  және «Серпер» республикалық конкурстарының, басқа да түрлі деңгейдегі сырт мемлекеттерде Венгрия, Туркменстан, Ресейде, Чехияда, Мысырда өткен киім дизайнерлерінің «Подиум» халықаралық конкурстарына қатысып дипломанттары атанды.

Сондай-ақ музыка мен би мамандықтары бойынша білім алушы студенттер түрлі халықаралык, республикалық, қалалық ән-күй байқауларында, атап айтқанда «Жұлдыз», «Жас жұлдыз», «Алтын микрафон» т.б.   бақтарын сынап, көптеген жүлделі орындарға қол жеткізді.

Қазіргі кезде оқу процесін бес арнайы кафедра жүргізеді:

1.Академиялық сурет және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі  кафедрасы;

2.Живопись кафедрасы;

3.Графика және дизайн кафедрасы;

4.Қолданбалы  сәндік өнер кафедрасы;

5.Музыкалық білім және хореография кафедрасы;

Факультет   төмендегідей  мамандықтар   бойынша бакалавр мамандарын дайындайды:

Мамандықтар шоғырының кеңдігі түлектердің әр қилы көркемдік ұмтылыстарын жүзеге асыруына ықпал етеді.

Сондықтанда  факультет   төмендегідей  мамандықтар   бойынша бакалавр мамандарын дайындайды:

 

5В010700  - Бейнелеу өнері және сызу (Мамандандыруы: көркем еңбек)

5В041300  - Кескіндеме

5В041400  - Графика

5В010600  - Музыкалық білім

5В040900  - Хореография           

5В042100  - Дизайн  

5В041700  - Сәндік өнер 

Магистратура:

6М010700 - Бейнелеу  өнері   және  сызу  (білім магистрі)

6М041600 - Өнертану (өнертану магистрі)

 

Біздің мекен-жайымыз:

Алматы қаласы, Уалиханов көшесі, 64а, байланыс телефондары:  293-81-44, 291-76-08, 291-07-31, , Сайт: www.kaznpu.kz