қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.01.2024

Абай университетінің ғалымдары «Ахмет Байтұрсынұлы», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды

 

2024 жылдың 19 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп марапаттарды табыстау рәсімімен басталды.

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жыл 8 желтоқсанның шешімімен гуманитарлық саланы дамытуға, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге қосқан үлесі үшін «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен Жумабаева Азия Елеупанқызы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі марапатталды.

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы желтоқсанның 10 күнгі № 529 бұйрығымен «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Байкулаков Ерлан Таубаевич «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, магистр марапатталды.

 

Ғылыми кеңес өз жұмысын жалғастырып, негізгі үш және әр түрлі сұрақтарын қарастырып, талқылады.

 

  alt=  

 

  alt=