Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
12.01.2024 Мемлекет дамуына мықты мотивация
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты қоғамда қызу талқыланып жатыр. «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген атауының өзі Қазақ елінің дамудың даңғыл жолында екенін көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жомарт Сімтіков, саясаттанушы: Мотивациялық сұхбат. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты мазмұны жағынан мемлекеттік саясаттың үш түрлі күрделі мәселесін қамтыды деп ойлаймын.
Біріншіден, мемлекеттің ішкі саясатындағы өзекті экономикалық-әлеуметтік мәселелер, энергетикалық қауіпсіздік қозғалды.
Екіншіден, сыртқы саясаттағы жақын көршілермен қарым-қатынастың басым бағыттары туралы сараптама жасалды.
Үшіншіден, егемен елдің келешекке алдағы кезеңде Стратегиялық бағдарлама ретінде озық ойлы ұлт болып қалыптасуға бағыт-бағдарға бағытталған.
Мақалада Мемлекет басшысы ретінде елдің ішкі саясатындағы көкейтесті мәселелерге көзқарасын білдірді. Оның ішінде халықтың қарызға батуы күрделі борышкерлік, қымбатшылықтың белең алуы, тарифтердің өсіп, жұмыссыздық мәселесінің шиеленіскеніне және аймақтардағы жалпы ахуал сынды мәселелерге тоқталды. Ал, сыртқы саясатта ағымдағы жылдың наурыз айындағы Ресейдегі өтетін Президент сайлауына қатысты өз ойымен бөлісті. «Ресей Федерациясының әлемдік саясатта аса маңызды рөл атқаратынын және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі екенін ұмытпаған жөн. Ресей Президенті Владимир Путин - сөзімен де, ісімен де жаһандық ахуалға ықпал ететін тұлға. Ресейдің ұстанымымен бүкіл әлем санасатыны жасырын емес. Бұл мемлекеттің қатысуынсыз дүние жүзінде бірде-бір проблема шешілмейді. Ол айдан анық. Сондықтан Ресей секілді алпауыт елдегі президент сайлауының халықаралық мән-маңызы қашанда жоғары және оған әлемнің көптеген елі назар аударады», -делінген сұхбатта.
Сонымен қатар, мақалада ұлтымыз өсіп-өркендесін десек, біз жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз керек деген қағида айтылды. Қазақ ұлтының ғаламдану жағдайындағы ұлттық идеологиясында жалғандыққа жол бермеу мәселесі көтеліп, жалпыұлттық құндылықтар бәрінен биік тұру керектігі сөз болды.
Біз озық ойлы ұлт болу үшін адал азаматқа тән қарапайымдылық, еңбекқорлық, білімпаздық, кәсібилік, нағыз отаншыл қасиеттер мен құндылықтар басымдыққа ие болуы керек. Сұхбатта «Халқымыздың қуатын арттырып, табысқа жетелейтін осындай қасиеттер мен құндылықтарды жан-жақты дәріптесек, оларды ұрпақ санасына сіңіру арқылы ғана сапалы ұлтқа айнала аламыз»- деген тезис айтылды.
Сондықтан Президент сұхбаты еңселі елдің дамуына ерекше мотивация бере алады деп сенемін.
12.01.2024 ж. Ақпарат көзі: baq.kz
|