қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
26.01.2024

Abai University студенттері еуропалық сапалы білім алуда

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институты Франция университеттерімен халықаралық қос дипломды бағдарламаларды табысты іске асыру арқылы студенттер үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынуда.

 

Францияның Ұлттық шығыс тілдер және өркениеттер институтының (INALCO) «Жаһандық сын-қатерлер», Лотарингия университетінің (Université de Lorraine) «Халықаралық құқық» және Пуатье университетінің (Université de Poitiers) «Экономика» бағдарламалары аясында студенттер еуропалық сапалы білім алады.

 

2014 жылдан бері қос дипломды бағдарламалар аясында 150-ден астам білім алушы Франция еліндегі жоғары оқу орындарында оқыды. 2023 жылы «Global Challenges» бағдарламасының 20-дан астам түлегі INALCO дипломының иегері атанды.

 

Қос дипломды бағдарламалар аясында студенттерге Францияның жетекші жоғары оқу орындарында білім алу, Абай-Верн және Эразмус+ сияқты бағдарламалардың грант иегерлері атану, сондай-ақ Франкофон университеттері агенттігі (AUF) арқылы тағылымдамадан өту мүмкіндіктері беріледі.

 

Абай университеті мен Францияның жетекші университеттері (INALCO, Лотарингия университеті, Пуатье университеті, Лилль университеті, Страсбург университеті және т.б.) арасындағы ынтымақтастық студенттерге осы елдің мәдениеті мен ғасырлық білім беру дәстүрлеріне енуге мүмкіндік береді.

 

Францияда оқуды аяқтағаннан кейін жаңа биіктерді бағындыруға және кәсіби жетістіктерге жетуге дайын білім алушыларымыз өз университетіне жаңа білім мен тәжірибе әкеледі. Инновациялар мен халықаралық ынтымақтастықтың көшбасшысы Абай университетінің Сорбонна-Қазақстан институты студенттер үшін жоғары сапалы білім мен табысты болашақтың кепілі болып қала бермек.

 

 

26.01.2024 ж.

Ақпарат көзі: gov.kz