қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.02.2024

«Дипломдық жобаны жазудағы зерттеу мәселелері» семинары

 

2024 жылдың 2 ақпанында  Педагогика және психология институтында арнайы педагогика кафедрасы аясында құрылған «Жас ғалымдар» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Арнайы педагогика» мамандығының білім алушыларымен «Дипломдық жобаны жазудағы зерттеу мәселелері» тақырыбында семинар өтті.

 
Арнайы педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар және докторанттары қатысқан семинардың мақсаты - болашақ мамандарды ғылыми-зерттеу жұмыстарының алгоритмімен таныстыру, ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту.

 

Іс-шара барысында «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі, «8D01901-Арнайы педагогика» мамандығының 2 курс докторанты Г.Ержанова, 1 курс магистранттары А.Абдиманова, Ұ.Таштан, Н.Сұлтанбекова, Д.Сундетова баяндама жасап, болашақ арнайы педагогтердің зерттеушілік құзыретін диагностикалау; зерттеудің ғылыми (әдіснамалық) аппараты; дипломдық жобаның теориялық бөліміне кіріспе; дипломдық жобаның эксперименттік бөліміне талдау; дипломдық жобаны әзірлеу талаптары; магистратураға түсудің жолдары туралы тақырыптар бойынша мәселелер талқыланды.

 

Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтты.

 

  alt=  

 

  alt=