Негізгі бет
Жаңалықтар
08.02.2024 Ресей мен Қазақстанның педагогикалық университеттерінің онлайн кездесуі: білім беруді цифрландыру мәселесін талқылау
2024 жылдың 7 ақпанынында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің (Ресей) өкілдері білім беруді цифрландыру саласындағы стратегиялар мен тәжірибені талқылау мақсатында сәтті онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізудің негізгі аспектілері, сондай-ақ екі елдің білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Абай университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Айгүл Искакова Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің білім беруді цифрландыру департаментінің профессоры Вадим Гришкунмен бірлесіп, цифрлық шешімдерді білім беру үрдісіне интеграциялаудың маңыздылығы туралы талқылап, әсіресе жаңа технологиялар ұсынатын қазіргі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер тұрғысынан ортақ түсіністік білдірді. Талқылау онлайн оқыту платформаларын енгізу, интерактивті оқу материалдарын әзірлеуді және білім беру сапасын жақсарту және оқу үрдісін жекелендіру үшін жасанды интеллект пен деректерді талдауды пайдалану тәжірибесін қамтыды.
Проректорлар білім беруді цифрландыру саласында алдағы уақытта ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін жеткізді, сондай-ақ осы бағытта нақты жоспарлар мен жобаларды әзірлеу үшін жұмыс тобын құруға келісті.
Онлайн-кездесу байланыстар алмасуымен және ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша алдағы қадамдар туралы келісіммен аяқталды.
|