Негізгі бет
Жаңалықтар
03.11.2017 ОРЫС ТІЛІН ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ БОЙЫНША ОНЛАЙН СЕМИНАР: МӘСКЕУ - АЛМАТЫ
Семинар Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Осетия, Вьетнам, Иран, Ауғанстан сияқты елдерде көрсетілді. Семинарға 5 мыңнан астам адам қатысты. 31 қазан күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 2 курс магистранты Нгуен Тхань Чунг аталмыш онлайн семинарда Қазақстандағы орыс тілін оқитын вьетнамдық студенттердің әлеуметтік-мәдени және академиялық (білімдік) бейімделуі туралы баяндама жасады (жетекшісі - профессор Балғазина Б.С.). Оның баяндамасы онлайн-семинардың тыңдаушылары арасында қызығушылық тудырды. Баяндаманың соңында барлық тыңдаушылар оған қол соғып, қошеметке бөледі. 2 қарашада кафедра оқытушысы доцент Нұрахунова Г.М. орыс тілін иран тілде сөйлейтін студенттерге үйрету мәселелері туралы баяндама жасады. Кафедраның қауымдастырылған профессоры Айтқазина Т.Т. бірнеше жыл бұрын кафедрада ашылған «Қазақстанның аймақтану» кабинетін көпшілікке таныстырды.
Дайындық тобының тыңдаушылары Хусейнов Сидик (Тәжікстан) және Жалали Саадат Арифе (Иран) Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы оқу туралы айтып берді.
|