қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.02.2024

Философия докторы PhD дипломдары табысталды

 

2024 жылдың 9 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы Диссертациялық кеңестерде диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғаған докторанттарға философия докторы (PhD) дипломдары табысталды. Табыстау рәсіміне университет басшылығы, диссертациялық кеңес төрағалары, докторанттардың ғылыми кеңесшілері мен Ғылым департаменті қызметкерлері қатысты.

 

Абай университетінің Басқарма төрағасы - ректор Б.Тілеп өзінің құттықтау сөзінде докторантураны табысты аяқтаған жас ғалымдарға сәттілік тілеп, болашақта Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосатындығына сенім білдірді.

 

Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-де 16 диссертациялық кеңес жұмыс жасайды. Аталған диссертациялық кеңестердің құрамына басқа жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың (ҒЗИ) жетекші ғалымдары тұрақты мүше болып енген. Сондай-ақ, ғылымиметрикалық көрсеткіштері жоғары шетелдік ғалымдар уақытша мүшелікке ие.

 

2023 жылы диссертациялық кеңестерден жалпы саны 57 докторант (соның ішінде басқа ЖОО-дан 14 докторант) қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесін алды.

 

Жас ғалымдарымызды құттықтай отырып, жаңа ғылыми жетістіктерге жетуді тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=