қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.02.2024

Білім беру мекемелері жанынан органикалық тыңайтқыштарды өңдеу оқу-тәжірибе алаңдары ашылды

 

ЖОО-ның мектеппен байланысты орнату мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ғалымдарының жетекшілігімен «Білім беру мекемелері жанынан органикалық тыңайтқыштарды өңдеуде оқу-тәжірибелік алаңдар ашудың педагогикалық мүмкіндіктері» жоба аясында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Конферецияға Алматы облысы білім басқармасы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Ұлттық құндылықтар академиясы, Қазақстан Республикасының кооперативтер мен басқа экономикалық қауымдастық формалары ұлттық ассоциациясы заңды тұлғалар бірлестігі, «Qazverm» тұтынушылар кооперативі, «QazAGO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі оқу орталығының жетекші мамандары, ғалымдар, мектеп директорлары қатысты.

 

Жобаның басты мақсаты:

Артықшылықтарымызбен нақты мүмкіндіктерімізге сүйене отырып жас ұрпаққа кәсіптік білім беру, еңбек нарығына бейімдеу, экономикалық және экологиялық жүйені интеграцияландыруда білім беруді цифрландыру, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды меңгерту.

 

Заман талабы мен әлемдік нарықтың сұранысы мен қажеттілігіне байланысты «Білім беру мекемелері жанынан органикалық тыңайтқыштарды өңдеуде оқу-тәжірибелік алаңдарды ашудың болашағы» тақырыбында баяндама жасаған университет ғалымдары п.ғ.к профессор Сайдахметов Б.С, п.ғ.к Құрсабаев М.Қ жас ұрпаққа ата-кәсіп дәстүрінде ұлттық тәрбие беруде, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын рационалды пайдалану, баланы жастайынан қоғамға пайдалы кәсіпке тарту, «Soft Skills» форматында жасыл энергетика, экотехнология, экоаналитикалық дағдыларын қалыптастыру, биогумус индустриясының дамуына «Business model» стартап-технологияларын дамыту, биогумус, вермикомпост, гидропоника, микроөсімдіктер туралы мағлұматтар бере отырып, жобаның қазіргі таңдағы маңызды ұлттық мәселе екенін атап өтті.

 

Қатысушылар Арынов Қажымұқан Тохтиярұлы, қоғам және ғылым қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық құндылықтар Академиясының академигі, Бекбауов Мухит Дуйсенович, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының профессоры, Шайх Қазыбек Алтайұлы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы Абай атындағы ҚазҰПУ Ардагерлер кеңесінің Төрағасы, п.ғ.д, профессор, ҰҚА Академигі, Жошыбаева Гүлнар Сағатқызы, ардагерұстаз, қоғам қайраткері, ҚХА Алматы облыстық Аналар кеңесінің Төрайымы, Тортаева Айжан Тоғанбаевна, Еңбекшіқазақ аудандық әдістемелік орталықтың бөлім басшысы, Асамуратова Гульзира Пайзылдаевна, «QazAGO» ЖШС оқу орталығы директоры, Туркибаева Салтанат Рысбековна, Райымбек батыр атындағы мектеп директоры, Джамешева Айжан Толеуовна, О. Жандосов атындағы орта мектеп директоры, «Qazverm» кооператив Төрағасы Тұлғанбаев Пернебек Оразұлы, Асамұратов Орал Бостанұлы, биогумус саласы бойынша білікті маман кәсіпкер және эковолентерлер ұйымы мүшелері жобаның маңыздылығын саралап, талқылады, сондай-ақ мектеп жанынан оқу-тәжірибелік алаңның салтанатты ашылуының куәсі болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

  alt=