қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
10.07.2014

«БОЛАШАҚ» АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМА ЖУРНАЛЫ ЖАРИЯЛАУ ҮШІН МАҚАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУДА

Құрметті авторлар, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру, отандық және халықаралық білімді дамытудың қазіргі заманғы үрдістері, технологиялар инновациялары мен білім трендтері туралы корпоративтік тоқсан сайынғы мерзімді баспа басылымы - «Болашақ» ақпараттық-сараптама журналының ағымдағы жылғы бірінші шығарылымын дайындау бойынша жұмыс жалғасуда.
Төменде келтірілген кез келген тақырып бойынша сіздер тиісті материалдардың авторы ретінде бола алатын осы және кейінгі үш баспа нөмірлерін құруға белсенді қатысасыздар деген сенімдеміз:
Журнал айдарлары:
• «Оқиғалар»
• «Жинақталған тәжірибе»;
• «Ғылыми тәсіл»;
• «Стипендиат»;
Өз кезегінде сіздің ақпаратыңыздың барынша ашылуы және мақаланың таңдаған тақырыпқа сәйкес келуі үшін материалдар ресімдеуге қысқаша сипаттама мен талаптарды ұсынамыз:
«Оқиғалар» айдары үшін жаңалық немесе кіші ескертулер нысанындағы авторлар қаңтарда, ақпанда өткен және наурызға болжанған аса маңызды іс-шаралар (көрмелер, конференциялар, дөңгелек столдар және т.б., ғылыми және білім қызметімен байланысты осы және өзге оқиғаларды жариялау), сондай-ақ жетістіктер мен ғылыми жаңалықтар туралы ақпарат дайындай алады. Әрбір оқиға фото-иллюстрациямен (мүмкіндігінше көлденең форматта) бірге беріледі.
«Жинақталған тәжірибе» айдары мамандықтың түрлі салаларындағы «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерінің жеке мысалдарына, кәсіптік табыстарына арналған. Онда авторлар өзінің табысқа жету жолдары, «Болашақ» стипендиясының мансапты құруға ықпалы туралы жаза алады, және журнал аудиториясымен өзінің жеке өміріндегі жинақталған кәсіптік тәжірибесімен бөлісіп, кеңестер мен нұсқаулар бере алады.
«Ғылыми тәсіл» айдары болашақтықтардың авторлық мақаласын, олардың ғылыми-ағартушылық мазмұндағы жобаларын, Қазақстан экономикасының түрлі секторларындағы қазақстандық ғылымның, инновация мен технологияларының өткізіліп жатқан немесе аяқталған зерттеулері туралы материалдарды қамтиды.
«Стипендиат» айдары «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының білім, ғылыми-зерттеу өмірінен оқиғаларға, әртүрлі елдердегі «Болашақ» халықаралық стипендиясының бет-бейнесін халықаралық аренада нығайтуға бағытталған ақпараттық-бет-бейнелік іс-шараларға арналған.
Жарияланымдарды ресімдеуге қойылатын талаптар:
- журналға материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы тиіс (мүмкіндігінше мәтіннің аудармасы ұсынылуы тиіс);
- ұсынылған авторлық мәтін бір автормен, сондай-ақ қос автормен дайындалуы мүмкін;
- жарияланым автордың ТАӘ, мақала атауын, ғылыми/академиялық дәрежесін (оқып жатқан жағдайда - университет, мамандығы, елі, қала, егер Сіз жұмыс істесеңіз - лауазымыңыз, ұйым атауы) қамтуы тиіс;
- «Оқиғалар» айдары үшін мақалалар оқиғаның маңыздылығына қарай 1000-нан 2000-ға дейінгі белгіні қамтуы тиіс;
- «Жинақталған тәжірибе» айдары үшін мақалалар 5000 белгіні қамтуы тиіс;
- «Ғылыми тәсіл» айдары үшін мақалалар 7000 белгіден аспауы тиіс;
- «Стипендиат» айдары үшін мақалалар 3000 белгіден аспауы тиіс;
- мақала журналдың бір айдарына сәйкес келуі керек;
- мақала үшінші тұлға атынан жазылуы тиіс;
- мақала журнал саясатына сәйкес келіп, ақпараттық-сараптама сипатында болуы тиіс.
- авторлар бір айдарға да, сол сияқты бір уақытта бірнеше айдарға да материал дайындай алады;
- көздерді пайдаланған кезде сілтемені көрсету қажет (үлгі: .........[1], авторды, қайнар көз атауы, баспа жылы мен орны, беттері. Егер сіз электронды ресурсты пайдалансаңыз, сайтқа сілтемені көрсетіңіз).
- қаріп Times New Roman, 14 кегель, жол аралық ашық жол - дара, жол: сол жағынан -3 см., оң жағынан -1,5 см., үстіңгі және төменгі жолы - 2 см. Бірінші жол - азат жол басталуы - 1, 25 см.
- редакциялау алқасы журналда жариялау үшін ұсынылған материалдарды редакциялау құқығына ие;
- редакциялау алқасы мақала тиісті сапалы деңгейде орындалмаса, құрамында плагиат немесе тікелей көрсетілмеген көзден ақпарат болса, материалды жариялаудан бас тартуға құқылы.

Жарияланымдарда графикалық бейнелімдерге (фотографиялар) талаптар:
Кәсіптік немесе жартылай кәсіптік фотокамераға түсірілген фотографиялар құпталады. Бейне сапасы жоғары. Иллюстрациялар мақала тақырыбын ашып, мазмұнын толықтыруы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген айдарларға ақпарат ұсыну мысалы ретінде Қоғамның www.bolashak.gov.kz ресми сайтындағы дурналдың 2-ші шығарылымын көруге болады.
Материалдарды редакция алқасы қарайтындығын, корректор материалдары оқитындығын, дизайн, парақтау және журналды даярлау қажеттігін есепке алып, Сіздерден барлық қажетті ақпаратты 2014 жылдың 30 шілдесіне дейін жіберулеріңізді сұраймыз.
«Болашақ» журналында мақалалар жариялау мәселесі бойынша мына эл.пошталар арқылы байланысу керек: aiym_nauan@mail.ru; mazhenova@bolashak.gov.kz немесе тел.: +7 7172 769098.