қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.11.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды

 

СОРБОННА-ҚАЗАХСТАН ИНСТИТУТЫ

 

Экономикалық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі - 1;
Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі - 1;
Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі - 1;

 

ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

Құқықтану кафедрасының меңгерушісі - 1;
Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі - 1;
Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі - 1;
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі - 1;


МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ

 

Математика және математикалық моделдеу кафедрасының меңгерушісі - 1;
Физика кафедрасының меңгерушісі - 1;
Математика, физика және информатиканы оқытудың әдістемесі кафедрасының меңгерушісі - 1;
Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі - 1;

 

ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

 

Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі - 1;
Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі - 1;
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі - 1;
Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі - 1;

 

ӨНЕР, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ИНСТИТУТЫ

 

Дизайн кафедрасының меңгерушісі - 1;
Көркем білім беру кафедрасының меңгерушісі - 1;
Музыкалық білім және хореография кафедрасының меңгерушісі - 1;
Бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі - 1;
Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі - 1;

 

ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ ЖОО-на ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ (Foundation)

 

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі - 1;


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Кафедра меңгерушісі лауазымына: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, педагогикалық немесе басшы қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.


Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

ҚазҰПУ-нің қызметкерлері:

1) жеке өтініші;

2) ғылыми еңбектерінің соңғы бес жылғы тізімі;

3) кафедра отырысының шешімі;

4) шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда);

5) соңғы бес жылда өткен біліктілікті жоғарылату туралы сертификат;

6) ашық сабақ қортындысы және үміткерлердің - ашық сабақ материалдарының презентациясы (электронды түрде, 15 слайдтан артық емес).

 

Конкурсқа қатысуға сыртан келген үміткер тұлғаларға қажетті құжаттар тізімі:

1) университет ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттарының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларымен);

5) жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі;

6) шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда);

7) соңғы 5 жылда өткен біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі (бар болған жағдайда);

8) ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі (соңғы 5 жыл бойынша);

9) соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

10) басқа мекемеден келген тұлғалар үшін соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

11) үміткерлердің - ашық сабақ материалдарының презентациясы (электронды түрде, 15 слайдтан артық емес).

 

Конкурсқа қатысушы өз біліміне, кәсіптік деңгейіне қатысты (марапаттар мен құрметті атақтар тізімін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығының ұсыныстары) және т.б қосымша ақпараттар беруге құқылы.


Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау: 2020 жылғы желтоқсанның 07-не дейін (қоса алғанда).

 

Құжаттар келесі мекен жайда қабылданады: Алматы қ-сы, Достық даңғылы, 13

 

Персоналды басқару бөлімі (каб.№103); сағат 09.30-дан 17.30-ға дейін немесе электронды нұсқада: o_k_28@bk.ru (құжаттардың түпнұсқасын байқау болатын күні алып келу қажет).

 

Анықтама телефондары: 8 (727) 291- 82-57, 291-34-35