Негізгі бет
Жаңалықтар
16.02.2024 «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы цифрлық технологиялардың рөлі» семинары
2024 жылдың 15 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының оқытушылары п.ғ.к., доцент А. Ш. Оракова мен PhD., аға оқытушы Л. К. Орынбаева Алматы қаласының № 65 жалпы білім беретін мектебінде «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы цифрлық технологияның рөлі» тақырыбында өткен семинарда құрметті қонақтардың қатарында болды. Сонымен қатар, шақырылғандардың арасында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары М.Е.Балабаева, Білім бөлімінің басшысы А.Ж. Қасымбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры А.Т.Қанаев, Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері Н. Б. Жақыпова, Б. Б. Әлімбекова болды. Семинар мектеп директоры М. Е. Бекенованың кіріспе сөзінен басталды. Бұдан кейін директордың орынбасарлары, кітапхана меңгерушісі баяндама жасады. Семинарға қатысушылар мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, мұғалімдердің ашық сабақтарына қатысты. Семинар қорытынды, рефлексия жасаумен аяқталды.
|