қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
19.02.2024

Білім берудегі Геймификация: болашақ үшін инновациялық тәсілдер


 

Геймификация - бұл оқушылардың жаңа білім алуға деген мотивациясын арттыруға көмектесетін құрал. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде әртүрлі жастағы адамдар қолданатын заманауи технологиялар мектеп оқушыларына өздерінің зияткерлік шеберліктерін дамытуға көмектеседі. Бұл оқу материалын тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.


Заманауи технологиялардың арқасында мектеп оқушылары үшін білім беру процесі ыңғайлы болады. Оқушылар ойын түрін классикалық әдістерге қарағанда жақсырақ қабылдайды. Геймификация әрдайым оқушы мен мұғалім арасында болған қарсыласты азайтуға мүмкіндік береді. Балалар өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті өздері үйренеді, бір-бірімен өзара әрекеттеседі.


16 ақпанда Алматы қаласының №49 мектебінде жаратылыстану-ғылыми бағытындағы пәндер онкүндігінің жабылуына орай ұйымдастырылған «Білім берудегі геймификация» тақырыбында қалалық практикалық семинар өтті. Іс-шара білім беру саласындағы жетекші сарапшыларды, сондай-ақ оқу процесінде ойын әдістерін қолдану туралы өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісуге дайын педагогтар мен әдіскерлерді жинады.


Семинарды №49 мектептің директоры Жанна Танырбергеновна Хисамиддинова ашты, ол Сингапурдың білім беру саласындағы өзінің қызықты тәжірибесімен бөлісті. Бұл тәжірибе семинардың көптеген қатысушылары шабыттандырды және одан әрі талқылауға негіз болды.


Семинардағы негізгі сөздердің бірі п.ғ.д., профессор, ҚР Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Қаркенұлы Ахметовке тиесілі болды. Ол қазіргі білім берудегі оқытудың ойын әдістерінің маңыздылығын атап өтті, бірақ оларды теріс пайдаланбай ақылмен пайдалану қажет екенін атап өтті.


Бұдан әрі Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты Нұрмағамбетұлы Жанболат география сабақтарында ГАЖ-қосымшалар мен геопорталдарды тиімді пайдалану тәсілдерін ұсынды. Сондай-ақ биологиядағы генетикалық есептердің шығарылу жолдары бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ биология кафедрасының аға оқытушысы Жүнісова Раушан Жексенбайқызы өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері, халықаралық деңгейдегі тренер Назима Балапанқызы Жақыпова білім беруде геймификацияны қолданудың оңтайлы тәсілдермен пайдалану керектігін баса айтты, мектептің іс-шараны ұйымдастырудағы жұмыстарына, мұғалімдердің біліктілігіне жоғары баға берді.
Fab Lab зертханасының құрғақ мұз эксперименттері семинардың практикалық бөлігі ретінде ұсынылды, онда қатысушылар инновациялық технологиялармен және материалдармен жұмыс істеу әдістерімен жақынырақ танысты. Бұл эксперимент білім алушылар мен педагогтар үшін ғылым мен технология әлеміне енуге, сондай-ақ құрғақ мұзды біздің өміріміздің әртүрлі салаларында қолдану туралы білуге бірегей мүмкіндік болды.


«Ынтымақтастық ортасын құру» тақырыбындағы тренинг оқу процесінде бірлесіп жұмыс істеу және өзара іс-қимыл жасау дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық сабақ болды. Тренингке қатысушылар тиімді оқыту мен білім алмасуға ықпал ететін сыныпта немесе топта қолайлы және қолдау атмосферасын құру әдістерін талқылады.
Теориялық бөлімнен басқа семинар практикалық сабақтарды да қамтыды. Қатысушылар биология, химия және география сияқты жаратылыстану пәндері бойынша шағын оқытуларға да қатысуға мүмкіндік алды. Семинар «Театрало4ка» мектеп үйірмесі дайындаған «Таңғажайып Ірбіс» эко-спектаклімен, сондай-ақ «Гаухартас» кинофильміндегі музыкаларды мектеп мұғалімдерінің хорының орындауымен өз мәресіне жетті.


Семинарды аяқтай отырып, мектеп директоры Жанна Танырбергенқызы:
«Бүгінгі семинар педагогтар мен әдіскерлерді білім берудің өзекті мәселелерін талқылауда біріктірген тамаша оқиға болды. Бүгінгі таңда қалыптасқан жаңа идеялар мен тәжірибелер оқу процесін қызықты әрі тиімді етуге көмектесетініне сенімдіміз», - деп, барлық қатысушылар мен арнайы келген қонақтарға өз алғысын айта отырып, қорытындылады.


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Эльмира Алимжанқызы:
«Біз жас мамандардың білікті кәсіби маманы болуы үшін осындай іс-шараларды жиі ұйымдастыруға, оларға білім беру саласындағы озық тенденцияларды үйретуге әрқашан да мүдделіміз, әрі кез-келген ынтымақтастық үшін ашықпыз. Жастарға оң ықпал жасау арқылы, білім саласын одан әрі дамыта аламыз», - деп атап өтті.


Осылайша, «Білім берудегі геймификация» қалалық практикалық семинары мұғалімдер мен барлық қатысушылар үшін қызықты және тиімді оқу ортасын құруға бағытталған білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам болды.

 

 

17.02.2024ж.
Ақпарат көзі: dauletten.kz