Негізгі бет
Жаңалықтар
19.02.2024 Эстонияның Қазақстандағы Елшісі Т.Тирс пен сарапшы Г.Тиренің Абай университетіне сапары
Қазақстандағы Эстония Елшісі Тоомас Тирс және Эстония Білім және жастар кеңесінің халықаралық бағалау бөлімінің басшысы Гунда Тире Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында сапармен келді. Өз кезегінде, Гунда Тире сарапшы ретінде оқытушылар құрамына, жас ғалымдарға, студенттерге халықаралық студенттерді бағалау бағдарламасы (PISA) туралы ашық дәріс оқыды, бұл аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды. Гунда Тире PISA нәтижелері саясаткерлерге, оқытушыларға және зерттеушілерге білім беру жүйелерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтауға көмектесетін пайдалы деректер беретіндігімен бөлісті. Университет қызметкерлерімен ұсынылған мол тәжірибе мен білім қатысушылар арасында белсенді пікірталас тудырды, студенттердің оқу нәтижелерін оңтайландыру туралы идеялар мен көзқарастармен бөлісті.
Елші Тоомас Тирстің және Гунда Tиренің Абай атындағы ҚазҰПУ-ға сапары Эстония мен Қазақстан арасындағы білім беру саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады және студенттер мен оқытушылардың академиялық тәжірибесін байытуға бағытталған болашақ бастамалардың негізін қалады.
|