қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.02.2024

Талапкер-2024: «Кәсіп - болашаққа бастар жол» офлайн кездесу

 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіп - болашаққа бастар жол» кәсіби бағдар беру аясында 2024 жылғы 14 ақпанда 10-11 сынып оқушылар арасында «АйСаф» жекеменшік мектебінде офлайн-кездесу өтті. 10-11 сынып оқушыларына Абай университеті жайлы жалпы мағлұматтар, сондай-ақ университет құрылымындағы Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының мамандықтары туралы кеңінен таныстыру мақсатында презентация, бейнежазба түсірілімдері көрсетілді. Кездесуде шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Конкабаева және аталған кафедраның аға оқытушысы Ж.М.Елемесова қатысып, университет және кафедра мамандықтары туралы ақпараттар жан-жақты толықтай берді.

 

Университеттің жоғары оқу орындары арасындағы әлемдік нарықтағы орны мен халықаралық байланыстары туралы мәліметтер оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Мектеп оқушыларында қызығушылықтар тудырған аударма ісі, шығыс, шетел тілдері бойынша сауалдар, жалпы әлеуметтік жеңілдіктер және ҰБТ-да грант ұту мүмкіндіктері сияқты қойылған сұрақтарға, кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша оқытушылар жан-жақты жауап берді.


 Абай университетіне оқуға түсуге ниетті түлектердің бар екені айтылып, алынған ақпараттар кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған маңызды іс екенін түйіндеді.

«АйСаф» жеке меншік мектебінің бас директоры С.С.Ахметова, мектеп директоры М.Б. Абдрахимова және шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Конкабаева кездесіп, келіс сөз барысында екі жақты келісімшартты ұзарту, аталған кафедраның филиалын ашу мәселелері талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=