қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.02.2024

Абай университетінің өкілі ҚР ҰҒА Жас ғалымдар кеңесі Президиумының құрамына кірді


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жас зерттеушілер кеңесінің төрағасы, қауымдастырылған профессор, Ph.D Шахислам Лайсханов ҚР жанындағы ҰҒА Жас ғалымдар кеңесі Президиумының құрамына еніп, Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды.

 

Жас ғалымдар кеңесінің жұмысын Президиум басқаратын болады, оның мүшелеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай және Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшелері, республикадағы жас ғалымдар ұйымдарының төрағалары, Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері, еліміздің ЖОО мен ҒЗИ жас ғалымдары кеңестерінің төрағалары, беделді, жас әрі қалыптасқан 23 ғалым енді.

 

«Жас ғалымдар кеңесі Президиумының жұмысы бөлімшелер бойынша жүргізіліп, аймақтарда өкілдіктері болады. Осылайша, біз Ұлттық ғылым академиясының жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мәртебесін көтереміз, сәйкесінше ол елдің жетекші жас ғалымдарын біріктіретін және өз қызметі үшін барлық қажетті өкілеттіктерге ие тиімді жұмыс істейтін ұйымға айналады» - деп атап өтті ҰҒА Басқарма Президенті А.Қ. Күрішбаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан осындай бірегей жұмыстар отандық ғылымның қарқынды дамып, осы арқылы іргелі және қолданбалы зерттеулердің аясы кеңейеді.

Тәуелсіздік жылдарында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында құрылған Жас ғалымдар кеңесінің жұмысына сәттілік тілейміз.

 

  alt=  

 

  alt=