қазақша · русский · english
   
Үздік оқытушы

17 ақпан 2017 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  (Астана қаласында) «2016 -жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»  атағына  иеболған конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жеңімпаздарды марапаттады. Оларға  салтанатты жағдайда куәліктер мен төсбелгілерді  тапсырылды.

Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен Абай атындағы ҚҰПУ-ң  Өнер, мәдениет және спорт институтының  «Музыкалық білім және  хореография» кафедрасының  педагогика ғылымдарының кандидаты, қауым. профессор Ибраева Қамарсұлу Ершатқызы атақ иесі болып сайланды.  

 Біздің әріптесімізді шын жүректен  құттықтаймыз!

01 ақпан 2016 ж. Астана қаласында Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тұңғыш Президент залында «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2015» конкурсы бойынша жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталған грант иегерінің бірі - Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры, Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасының педагогика ғылымдарының докторы, профессор Берікжан Айтқұлұлы Әлмұхамбетов.
Ұстаз, ғалым, тәлімгер, көптеген ұйымдардың көшбасшы ретінде білім беру саласындағы үлкен педагогикалық тәжрибесімен, ғылыми-зерттеу ізденістері мен өнертанушылық жолы оның ғылыми-әдістемелік жұмыстары мен басылымдарда жарияланып келеді. Оның ішінде «Система повышения квалификации педагогических кадров в Казахстане: история, современное состояние и тенденции развития» атты монографиясы /LAP LAMBERT academic Publishing (2011); оқу құралдары «История искусств» /Тулебиев А.Т. (2011), «Краткий иллюстрированный словарь изобразительного искусства»/ Н.А. Михайлова, Б.Е.Оспанов (2011); «12 жылдық мектепте бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» /Ш.Ә. Ақбаева (2012); 6М010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығының магистратура білім беру бағдарламасының авторы; «6D010700-Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша жаңа оқу пәндерінің авторы: «Управление и руководства в художественном образование», «Специфика исследование в области художественного образования», «Теория и методика артвоспитания», «Мировая и региональная политика в сфере художественного образования», «Философия и методология художетсвенного образования» т.б.
Марапаттары: КазССР халыққа білім беру озаты (1999); ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері (2002); Қазақ Білім Академиясының академигі (20.12.2006); «Құрмет» орденінің иегері ( 2007 ); «Астана 10 жыл» медалінің иегері (2009); «Абай атындағы ҚазҰПУ құрметті қызметкері» (2011). Қазіргі кезде магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми зерттеу жұмыстарына табысты жетекшілік етуде.