Негізгі бет
Жаңалықтар
01.03.2024 Болашақтағы педагогикалық білім: модель, құндылықтар, серіктестік
Өз сөзінде Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп салалық министрлік өкілдерінің және министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қатысуымен өтіп отырған кездесудің маңыздылығын, «Баршаға қолжетімді сапалы білім беру» ұлттық баяндамасының жобасы бірыңғай білім берудің ұлттық бағдарламасы болып табылатынын және күн тәртібінде талқыланатын мәселелер еліміздің педагогикалық кадрлар даярлаудағы білім беру саласын дамытудағы маңыздылығын атап өтті.
Педагогикалық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қазіргі заманғы талаптар мен әлемдік стандарттарға сәйкес келетін педагог кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдерін талап етеді, - деді ол.
Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев кіріспе сөз сөйледі.
Отырыс барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова Ұлттық баяндаманың іске асырылуы, жаңа формациядағы педагогтерді даярлау және қайта даярлау, педагогикалық білім беруді институционалдық трансформациялау туралы және «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы бойынша егжей-тегжейлі айтып берді.
Мәжілісте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Төрағасының орынбасары Гүлназ Сүлейменова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері Алмагүл Мұхамеджанова, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бахытжан Биекова,Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Әкімжан Сайлыбаев,ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» директоры Гүлшат Онланбекқызы, Абай атындағы ҚазҰПУ п.ғ.к., профессор-зерттеуші Айман Берікхановабаяндамалар жасады.
Отырысқа қатысушылармен бірге педагог кадрларды даярлауды жақсартуға байланысты маңызды идеялар: білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз етудің өзекті мәселелері, педагог кадрларды даярлаудың білім беру процесін жетілдіру, "Білім беру" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының рейтингі талқыланды.
Сонымен қатар шығармашылық алаңдар және университеттің оқу процесінде кеңінен қолданылатын ПОҚ-ның ғылыми жобаларының нәтижелері бойынша презентациялық дискурстар ұйымдастырылды: кадрлар даярлаудағы тұлғаға бағытталған технологиялар, жаратылыстанубіліміндегі инновациялар, «Педагогикалық өлшемдер» зертханасы, Робототехника және STEM білім, Визуалды антропология, «Айтылған тарих» ғылыми зертхананың, «Омыртқасыздар зоологиясы» электрондық басылымдары, «Хайфлекс» зертханасы.
|